TOP-10: Еліміздегі ең сымбатты жігіттер

18 Сәуір 2023, 13:19 19966

Елімізде сұлулардың жүрегін жаулап жүрген, қызыға да қызғана қарайтындай сымбатты жігіттердің қатары аз емес. El.kz ақпараттық агенттігі солардың ішінен ең сымбатты 10 жігіттің тізімін анықтап, оқырман назарына ұсынады.

Димаш Әділет

Әділеттің жасы 27-де. Алматы қаласында дүниеге келген. 11 жасынан бастап Швейцарияда білім алған. 2010 жылы Флорида штатындағы IMG спорт академиясына барып, кейін орта білімін аяқтау үшін Швейцарияға қайта оралған. Ол Массачусетс штатының Кембридж қаласындағы Гарвард университетінде қаржы және психология саласы бойынша білім алған. Бала кезінен шаңғы, жүзу, бокс секілді спорттың бірнеше түрлерімен айналысқан.

Сондай-ақ ол Швейцария мен Қазақстандағы ең атақты ер азаматтардың бірі.

Димаш Ниязов

Димаш Түркістан облысында дүниеге келген. Жасы – 31-де. 13 жасында отбасымен бірге АҚШ-қа көшіп барған. Бала күнінен полиция болуды армандаған Димаш қазір Американың Нью-Йорк қаласында полицей болып қызмет етеді. Сондай-ақ «Нью-Йорктің үздік полицейі» атанған. Қазір ол  әлемге кәсіби боксшы ретінде де танымал.

Асаубек Айымбетов

Асаубек отандық танымал әрі сымбатты тележүргізушілердің қатарында. Ақтөбе облысының Байғанин ауданында дүниеге келген. Жасы – 31-де. Телеарнаға алғаш 16 жасында келген. Тілшілік қызметін Ақтөбедегі жергілікті «Рика» телеарнасынан бастаған. Көп сұлудың арманына айналған журналист спортпен шұғылданғанды да жақсы көреді.

Димаш Құдайберген

Азиядағы ең танымал, ең сымбатты әрі қазақтың атын әлемге танытып жүрген талантты жігіт. Ол Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Жасы – 28-де. Сахнаға алғаш рет 2 жасында шығып, 5 жасында «Айналайын» республикалық байқауында жеңіске жеткен. Қазақ ұлттық өнер университетін «Эстрада вокалы» мамандығы бойынша бітірген. Димаш «Халық сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаты, «Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға лайықты үлес қосқаны үшін» Қазақстан Республикасының Президенті Құрмет грамотасымен марапатталды. Димаш 8 тілді меңгерген кәсіби әнші.

Данияр Кулимшин

Жастар арасында танымал «Ninety one»  тобының мүшесі. Ол да Ақтөбе қаласының тумасы.  Жасы – 25-те. Алматы қаласындағы Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк өнері колледжінде білім алған. Әнге деген сүйіспеншілігі бала кезден басталған. Отандық эстрада жұлдызы жас қыздардың сүйікті кумиріне айналған.

Әбілмансұр Серіков

Әбілмансұр Алматы қаласында, өнерлі отбасында дүниеге келген. Жасы – 32-де. Бастауыш сынып оқып жүрген кезінен бастап театр сахнасында өнер көрсеткен. Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясын бітірген. Ол «Балалық шағымның аспаны» фильміндегі Сұлтан рөлі үшін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатымен, «Театр және кино» номинациясы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығымен марапатталған. 2015 жылдан бері Астана қалалық Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында жұмыс істейді.

Асылхан Төлепов

Асылхан 30 жасына дейін орда бұзған актер. Ол 2012 жылғы шыққан «Жаужүрек Мың бала» фильміндегі Сартай батырдың рөлінен кейін таныла бастаған. Осы фильмде көрсеткен ерлігі үшін Бауыржан Момышұлы атындағы медалімен марапатталып, 2013 жылы – «Серпер» Жастар сыйлығының иегері атанды. Қазір ол Астанадағы «Музыкалық жас көрермен театрының» актері.

Тәуекел Мүсілім

Тәуекел – талай қыздың арманындағы ақ боз атты ханзада. Әрі әнші, әрі тележүргізуші, әрі актер. Алматы қаласында туған. Жасы – 34-те. Негізгі мамандығы «инженер-механик» болса да өнер саласындағы бағын сынап көруді жөн көрген. Бастапқыда модель болып, кейіннен жарнамаларға түсті. Осылайша актер өнер жолына түседі. Ол бала кезінен бастап спортпен шұғылданғанды ұнатады.

Аян Өтепберген

Қазақстандық танымал, сымбатты актерлердің бірі. Алматы қаласының тумасы. Жасы – 30-да.  Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының колледжінде «Музыкалық драма және кино актері» мамандығы бойынша білім алды. Аян «Жаужүрек мың бала» фильміндегі Таймас рөлімен танылды. Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты, Қазақстан тұңғыш президенті қоры сыйлығының иегері атанған.

Бексұлтан Әкімжан

Жастар арасында өте танымал актер әрі тележүргізуші. Сарыағаш қаласының тумасы. Жасы – 22-де. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Драма театр және кино актері» мамандығы бойынша білім алды. «Бір тоқсан», «Сержан братан» сынды фильмдер арқылы көрерменнің көзайымына айналған. Бос уақытында музыкамен айналысып, пианинода ойнайды, ән шығарғанды жақсы көреді. Ережесіз жекпе-жек спортымен, жеңіл атлетикамен айналысады. «Мұзбалақ» футбол командасының ойыншысы.  

Ажар Лаубаева
Бөлісу: