Толымбек Әлімбекұлы: "Қазір актер де, вахтер де сатирик"

7 Тамыз 2014, 05:32

Толымбек Әлімбекұлы, сатирик-ақын.

Толымбек Әлімбекұлы, сатирик-ақын.

«ҚАЗАҚ САТИРАСЫНА БАҒА БЕРГIШТЕР КӨП...»

Қазақ сатирасының «мал-жайын» соңынан түгендей жатармыз. Сатирик Толымбектiң халi қалай?

– Қалай болса, солай. Көңiлiңе алма. «Мықты» десең, көз тиедi, «Нашар» десең, сөз тиедi, ортасынан өздерiң шығарып алыңдар.

Мұзафар Əлiмбаев алпыс жасқа толғанда елу сегiз кiта-бы жарық көрiптi. Сiздiң неше кiтабыңыз жарық көрдi? Əлде, санына жете алмай жүрсiз бе?

– Үш кiтабым жарық көрдi: «Лəм-мим», «Ым-жым» жəне «Тойда жолығайық». «Аһ-үһ», «Шақ-шұқ» атты жинақтар баспаға əзiр. Үш аударма комедиям М. Əуезов атындағы ака-демиялық қазақ драма театрының сахнасында қойылып келедi. Осындай-осындай азын-аулақ тiршiлiгiм бар. Елуге елу кiтап шығару шарт емес, ондай мүмкiндiк те жоқ.

Қыршаңқы сөзi «қышуды» қандырмайтын, тiлi «шақпайтын», шағатын сөз таппайтын сатириктер көбейдi. Бұл сатираның солғын тартқаны ма?

– «Сатира жоқ» деген барып тұрған сандалбай сөз. Оны айтып жүргендер де сатира театрының актерлері. Айналайындар-ау, алдындағы екi ауыз сөзiн жаттамайтын, оның орнына отбасы, ошақ қасындағы орашолақ сөздердi қайталай беретiн, орысша араластырмаса iшi кебетiн, кiтаптың бетiн ашпайтын, газет-жур-налды ақтармайтын актердің қазақ сатирасына баға беретiн құқы, шамасы бар ма? Жоқ! Бiрақ берiп жүр. Менiң журналист əрiптестерiме де кейде iшiм ашиды. Олар да əй-шəй жоқ «сатира бар ма?» деп сұрайды. Анау да қысқа жауап бередi: «жоқ!» деп. Ал содан «кiмдi оқыдың?» деп сұрашы, жер шұқып қалсын. Актерлердің орындаушы екенiн ұмытпау керек. Шайнап бер-гендi жұтады. Сөйтiп отырып қазақ сатирасының тарихын бiр-ақ сөзбен белiнен сыза салғысы келедi.

Қазақ сатирасы бар. Ол қазiргi заман рухына жауап бередi. Жалпы, сатира қоғаммен бiрге дамиды. Қоғамда «құлақ» болса, қазақ сатирасының қазiргi тiлi де өткiр. Тек есту керек.

«МЕНIҢ АТАҚ-ДАҢҚЫМОҚЫРМАНДАРЫМ»

Жұрт «Толымбек деген аты дырдай, бiрақ атақ пен сыйлықтан жұрдай» деп жүр. Атақпен араларыңыз шатақ қой деймiн.

– Менiң үлкен сыйым да, атақ-даңқым да – оқырмандарым. Құдайға шүкiр, оқиды. Бiздiң қоғамды қазiр мансапқорлық пен атаққұмарлық жаулап алды. Қысылмайды, қымтырылмайды. Атақты нан сұрағандай, ұялмай-қызармай сұрайды. Көкесiн салады, көкесiне жеңгесiн салады, жеңгесiне теңгесiн салады, сөйтiп əйтеуiр алады. Баяғыда «Атақсыз қазақ – арсыз қазақ, сотовыйсыз қазақ – сорлы қазақ», «Лауреат деген жауыр ат секiлдi, əркiм бiр мiнiп, арқасын тоздырды» деп жазғаным бар. Менiң атаққа көзқарасым солай. Əлi бiреуiне қатысып, таласып көрмеппiн. Бесiктен белдерi шықпай жатып, атаққа ұмтылатындар көп. Оларды кiналайын десең, алдындағы ағалары, аталары атақ-даңққа таласудың барлық үлгiлерiн, құйтырқы қулық-сұмдықтарын көрсетiп, үйретiп жүр. Өте жа-ман дерт. Атақ-дəрежелерiн шұбыртып тiзу модаға айналды. Оны ұзақ-сонар ғып айтып жатқанда атақтың иелерi беттерi шылп етпей, өлiп-тiрiлiп тыңдап отырады. Айтылмай қалса, қым-қиғаш төбелес басталады. Қазiр атақтылардың тiзiмiнен атақсыздарды тез санап шығу əлдеқайда жеңiл жəне атақтың да түрi көбейiп кеттi.

Сатиралық театрлар мен əзiл-оспақ отаулары туралы көрермен қауым аузын «қисайтып» айтып жүр. Сiз де осы ауылдансыз ба, əлде олардың аузын «түзете» алатын ем-домыңыз бар ма?

– Жаңа шет жағасын айттым. Көрерменнiң аузын «қисайтып» жүргенiне бiраз болды. Бүгiн аузын қисайтып кеткенiмен, «ертең бiр қызық боп қалар» деп қайта келедi. Тағы кетедi аузы «қисайып». Қайта келедi. Қайтедi, күлкi керек. Амалсыз келедi. Оны ана сөз жаттамайтын, сөйтiп жүрiп «сатира жоқ» дейтiн бөксесi мен өкшесiн бұраңдатып, елдi əйтеуiр күлдiрсем деп шығатын ойыншылар түсiнбейдi, «бiздi жақсы көредi, келедi» дейдi. Сахнаға «күлдiрем» деп шығу – бүлдiрем деп шығу. Күлдiру бесжылдықтың жоспары емес, «ана жерде күлдiрем, мына жерде күлдiрем» деу – артық əрекеттердi, əрекеттер болғанда жағымсыз əрекеттердi тудырады. Күлкi – оқыстан туатын құбылыс.

Олар түзетiлуден кеттi. Өйткенi, талап жоқ, сөздi сiңiрмейдi, астарына үңiлмейдi, əдеттегiдей кезекшi сөздерiн ақтарып-ақтарып, аузына түскендi айтады да кетедi. Қазiр актер де сати-рик, вахтер де – сатирик. Ешкiм қой демейдi. Бiрақ «артыңа қара» деген қазақтың қатаң ескертуi күнде жадыңда жүруi тиiс.

 

«ЖВАНЕЦКИЙГЕ БIР ЕЗУ ТАРТПАППЫН»

Осы тұста интелектуалдық сатира туралы бiрер ауыз сөз айтсаңыз?

– Қазақ қашаннан əзiл-қалжыңға ұста. Астармен, емеурiнмен сөйлейдi. Өзiң ұғып ал. Күлкiнiң көкесi астарда жатыр. Кейде оны «ел түсiнбейдi» деген шолақ түсiнiк бар. Түсiнгенде əкесiн танытып түсiнедi. Тек бере бiл. «Демократия» деп, бүгiнде тым ашық-шашық күлкiге құмартып кеттiк. Оған да ел күледi. Бiрақ қандай күлкi? Жыртақай күлкi. Ол бiзге керек пе? Бiзге бiр мырс еткеннiң өзi – жетiстiк. Елдiң iшек-сiлесiн қатырғымыз келедi. Мүмкiн емес жай.

Бiздi көбiне орыстармен, тағы басқалармен салыстырады. Олардың күлкiсi мен бiздiң күлкiмiз ұқсамайды. Өз басым осы күнге дейiн Жванецкийге бiр езу тартпаппын. Задорновқа, Петросянға күлгендей болам. Задорнов əрбiр сөзiнiң астын қазып, əдемi екпiн берiп айтады. Күлесiң, бiздiң күлкiге келiңкiрейдi.

Қазақтың күлкiсi терең. Оны «керең» ғана естiмейдi. Күлкiнi мен қыздардың киiмiмен салыстырам. Қыздар неғұрлым тұм-шаланыңқырап, өзiнiң сымбатты да қымбатты жерлерiн жабың-қырап жүрсе, сұлулыққа, əдемiлiкке iңкəр еркектiң көзi соны iздейдi, құмартады. Ал олар ашық-шашық киiнiп жүрсе, бiр қарайды да өте шығады. Ол жерде əлгiндегiдей ынтық сезiм жоқ. Күлкi де сол неғұрлым ашық болса, бəрi айтылып қойса, түк те қызық емес. Ол жабық болмағанның өзiнде, шымылдығы болуы тиiс, шымылдықтың ар жағы қай кезде де қызық қой.

«ЖОМАРТ ДОСЫМНЫҢ АРҚАСЫНДА МƏШИНЕ МIНДIМ»

– «Елуге жеткенше авторитетке қызмет ету керек. Ал елуден соң авторитет Сiзге қызмет етед деген пəлсафа бар. Сiздiң авторитет қызмет көрсетуге жарап қалды ма?

– Азын-аулақ бар секiлдi. Ендi елуден кейiн көремiз, жарап қалды ма, жоқ па? Бедел деген де балық секiлдi ғой, жылтыңдап қолыңнан шығып кетуi мүмкiн. Егер кесел адамға батпан-дап кiрiп, мысқалдап шығатын болса, бедел керiсiнше, оны мысқалдап жинайсың, батпандап кетiп қалуы оп-оңай. Кетiп қалдырмауға тырысамыз.

Мерейтойыңыз келiп қалыпты. Темiр тұлпар мiнгiзе-тiн «жарылқаушыларыңыз» бар ма?

– Менде бiреуден дəмету деген жоқ. «Шауып келу – барып келуiме» жарап жатқан сұр «есегiм» бар əзiрге. Мəшиненi мен дүние емес, көлiгiм, есегiм бар деп қараймын. Оны алуға бiр жомарт досымның үлкен көмегi тигенiн осы жерде айтпай кеткенiм ұят болар. Оның «мəшине ал» деп емес, «кiтабыңды шығар» деген ақшасына екi айдай жаяу жүрiп қалып ем, өзiне де айтып кеттiм, бара сап мəшине алдым. Екi жыл болды соны мiнiп жүрмiн. Алда-жалда бiреу-мiреу мiнгiзем десе, «ой, ұят болды ғой» деп қазақшалап бiр «ыңғайсызданыңқырап» ала-мыз да мiнiп жүре беремiз.

Əңгiмеңiзге рақмет

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, «Ағынан жарылсақ», 2004 жыл.

Бөлісу: