Толқын Забирова ұлы екеуі жаңа жобаға қатысып жатқанын айтты

5 Қыркүйек, 14:39 1823

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, эстрада және опера әншісі Толқын Забирова ұлы Дияр Бабаевпен түскен суретін желіде жариялап, көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесінің сөзінше, қазір ұлы екеуі жаңа жобаға түсіп жатыр. Бұл туралы әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

Дияржан екеуміз жаңа жобадамыз! Аллаға шүкір. Алдағы уақытта, - деп оқырмандарын қызықтырып қойды.

Айта кетейік, Забированың 20 жастағы ұлы – кәсіби музыкант. Жас пианиношы танымал хиттерге каверлерімен тыңдарманын қуантып жүреді.

Толқын Забирова мен ұлына көпшілік мақтауды жаудырған.

«Сіз қазақтың мақтан тұтар қызысыз, әніңізбен де, бар болмысыңызбен де таңқалдырасыз! Балаңыз да азамат болып қалыпты. Отбасыңызбен бақытты болыңыз!», «Жүрегі жылы адам әрқашан әдемі ғой», «Ұлыңыз жігіттің сұлтаны», «Сәттілік серігіңіз болсын! Дияржанга ақ жол!» - деп жазған желі қолданушылары.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Tolkyn Zabirova (@tolkynzabirova)

Мадина Асылбекова
Бөлісу: