Толассыз жауған жаңбырдан Кентау қаласын су басты

15 Сәуір, 22:28 1007

Түркістан облысындағы Кентау қаласы су астында қалды. Әлеуметтік желілерде қаланың бірнеше аумағы су астында қалған сәттің видеосы пайда болды, деп хабарлайды Otyrar.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Желідегі жазбаларға сүйенсек, толассыз жауған жауын-шашыннан орталық базар ішіндегі су адамның тізесіне дейін жетіп, ондағы сауда орындарына дейін кіріп кеткен. Сондай-ақ жаңбыр суы Бала Бүргем елдімекеніндегі үй аулаларына дейін жетіп, кей үйлерге зақым келген.

Қала әкімдігі жауын суын сору жұмыстары жүргізілгенін, қазіргі таңда жағдай тұрақты екенін хабарлады.

"15 сәуір күні сағат 16-00-ден 17-10-ға дейін болған жауын-шашынның салдарынан Кентау қаласындағы 3 жеке тұрғын үй мен 1 үйдің жертөлесіне су басу орын алды. ТЖД күштері мен жергілікті әкімдік қызметкерлері тарапынан суды сору және бұру жұмыстары жүргізілді. Жағдай тұрақты" делінген әкімдік мәліметінде.

Перизат Саденова
Бөлісу: