"Токио-Цюрих" бағытындағы Boeing ұшағы Астанаға шұғыл қонды

17 Тамыз, 17:41 822

Бүгін 17 тамызда жерегілікті сағат 16:00-де Boeing 777-300ER (борт нөмірі HBJNI) ұшағымен Токиодан Цюрихке ұшқан Swissair SWR161 рейсі Астана әуежайына шұғыл қонды. 50 жастағы жолаушы инсульт алды деген күдікке байланысты экипаж қонуға шешім қабылдаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұшақ жолаққа сәтті қонғаннан кейін, ұшу-қону жолындағы бұрылыс кезінде экипаж қателігінен ұшақ жолақтан сырғып кеткен. Осыған байланысты сағат 16:03-те апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін дабылды ескерту жарияланды.

Астана әуежайы екі сағатқа барлық рейстер үшін уақытша жабық. Осының салдарынан тұрақты рейстердің кешігуі күтілуде. Біз жолаушыларымыздан орын алған келеңсіз жағдай үшін кешірім сұраймыз және кідірістерді азайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Жағдай біздің бақылауда,-деп мәлімдеді әуежайдың баспасөз қызметі.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: