Тоғызқұмалақ тақтасын ғарышқа ұшыруға қанша ақша кетті?

1 Қазан, 16:21 365

Дүниежүізілік көшпенділер ойыны қарсаңында Туризм және спорт министрлігі тоғызқұмалақ тақтасының ғарышқа ұшқанын мәлімдеген еді. Министрлік NEGE порталына «ғарыш сапарының» құны қанша теңге болғанын айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тақта 9 қыркүйек күні ғарышқа ұшып кеткен, миссиясы аяқталған соң жерге қайта оралды.

Бұл ерекше оқиға, өйткені тоғызқұмалақ – ғарышта болып келген тұңғыш ұлттық ойынымыз, – делінген министрлік ақпаратында.

Тақтаны ұшыруға Ресей ғарыш агенттігі көмектескен.

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Сіздің сұрауыңыз бойынша келесіні хабарлайды. Тоғызқұмалақ тақтасын ғарышқа жіберу үшін «Тоғызқұмалақ федерациясы» ЗТБ Ресей ғарыш агенттігінің «Стратонавтика оператор стратосферных полетов» қосалқы мердігер компаниясымен келіссөздер жүргізіп жүзеге асырды. Тоғызқұмалақ тақтасын ғарышқа апарып келу үшін «Жаңа пост» компаниясының демеушілігімен 2 628 000 (екі миллион алты жүз жиырма сегіз мың) теңге жұмсалды. Тақтаны ғарышқа жіберу идеясы тоғызқұмалақ федерациясының бастамасымен жүзеге асты. 5-Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жалпы бюджеті 7,7 млрд теңгені құрады, мемлекет бюджетінен 5,7 млрд теңге және демеушілер тарапынан 2 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілді, - деп жауап берді министрлік.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: