Тобыл өзені маңындағы елдімекендерді су басу қаупі әлі де сақталуда

7 Сәуір, 21:26 803

Тобыл өзені маңында орналасқан елдімекендерді су басу қаупі әлі де сақталып отыр. Бұл туралы төтеншеліктер мәлімдедеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін Тобыл және Қостанай қалалары арасындағы орталық көпірде ҚР ТЖМ күштері еріктілермен, жергілікті атқарушы органдармен және Ұлттық ұлан қызметкерлерімен бірлесіп қапшықтар мен инертті материалдарды төсеу бойынша жұмыстар жүргізді.

Елдімекендерде Тобыл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты су басу қаупі әлі де сақталуда,-деліген ТЖМ мәліметінде.

Перизат Саденова
Бөлісу: