«Тобыл» клубының басшысы төрешілерден қиянат көріп жатқанын айтты

16 Мамыр, 17:51 608

Қостанайдың «Тобыл» клубының 50 пайыз акциясын иемденуші, жас бизнесмен Әлімжан Қалдияр әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстан футбол федерациясы мен төрешілер корпусына үндеу жасады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Осымен төрт ойын қатарынан федерацияға төрешілердің жұмысына қатысты шағым түсірдік. Бірақ БАҚ өкілдерін араластырмадық. Бірақ тағы бір мәрте төрешілердің қателігінен жапа шегіп отырмыз. Бұл жолы Шымкентте «Ордабасыдан» жеңілдік. Оған төрешілердің кінәсі бар. Біз ашық түрде протест жасап, төрешілер жіберген ондаған қатенің видеосын көрсеттік. Алайда ешқандай кері жауап болмады, - дейді футбол функционері.

Ол осы ретте Қазақстанның жетекші клубтарына төрешілер тарапынан биыл қысым көп жасалып жатыр деп санайды.

Айта кетейік, бұған дейін премьер-лиганың 7-турында «Тобыл» Шымкентте ел чемпионы «Ордабасыдан» жеңілген. Қазір команда 12 ұпаймен алтыншы орында тұр.

Келесі 8-тур  18 мамырда өтеді:

«Атырау» – «Астана»

«Ақтөбе» – «Ордабасы»

«Қайсар» – «Жеңіс»

«Елімай» – «Қайрат»

«Жетісу» – «Қызылжар»

«Шахтер» – «Тобыл».

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Alimzhan Kaldiyarov (@alimzhan_kaldiyar)

EL.KZ
Бөлісу: