Жамбыл облысы Мерке ауданында жергілікті автомектеп аумағында 10-сынып оқушылары арасында төбелес болған, салдарынан бір жасөспірім оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жасөспірімнің өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып, сараптамалар тағайындалды.
Полиция қызметкерлері ізін суытпай кәмелетке толмаған тұрғынды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Сонымен қатар, оған қатысты суық қаруды заңсыз алып жүргені үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәлімет жариялануға жатпайды.