Төбелес кезінде жарақат алған 15 жасар футболшы көз жұмды

1 Маусым 2023, 15:00 987

Неміс құқық қорғаушылары берлиндік 15 жасар жасөспірімнің төбелестен соң көз жұмғанын хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Халықаралық турнирге қатысқан жас футболшы франциялық 16 жастағы ойыншымен төбелесіп қалған. Осыдан соң ол ауруханада көз жұмды.

Қайғылы оқиға Германияның Франкфурт қаласында жастар арасында өтіп жатқан халықаралық турнирден соң болған. JFC Berlin командасының 15 жастағы футболшысы қарсылас команда өкілдерінің бірімен төбелесіп, бас сүйегіне зақым келген. Салдарынан ол ауруханада көз жұмды. Күдікті – француздың «Метц» командасының 16 жастағы ойыншысы. Қазір ол абақтыда отыр, тергеу жүріп жатыр.

Франкфурт полициясының мәліметінше, ойын аяқталған бетте жергілікті ойыншылар мен қонақтар арасында өзара төбелес басталған. 15 жасар жасөспірім басынан жарақат алып, жерге құлаған. Ол тез арада жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Дегенмен дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмады.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: