«To be hip» немесе «Хипстер» деген кімдер?

5 Тамыз 2014, 12:34

«Хипстер» сөзі ағылшынша «to be hip», яғни «заманауи үрдіспен бірге жүру» деген мағынаны білдіретін термин. Алғашында, хипстер термині джаз музыкасын ұнататындар арасында пайда болған субмәдениеттің өкілдеріне қолданылған.

«Хипстер» сөзі ағылшынша «to be hip», яғни «заманауи үрдіспен бірге жүру» деген мағынаны білдіретін термин. Алғашында, хипстер термині джаз музыкасын ұнататындар арасында пайда болған субмәдениеттің өкілдеріне қолданылған. Бүгінгі таңда бұл терминнің ауқымы кеңейе түсті, қазір хипстер деп шетел әдебиеті мен өнеріне, сән үлгісіне, альтернативті музыка мен артхаус киносына және қазіргі заманғы әдебиетке қызығушылық танытып, өзінің сыртқы келбетіне аса зор мән беретін, материалдық жағдайы жақсы қала жастарын атайды.

Хипстерлердің арғы тегі

Әдетте, 16 мен 26 жас аралығындағы жастар жоққа шығару арқылы, өмірді таниды. Олар өзіндік «менін» көрсетуді қалайды. Сондықтан, өмір сүру стилі өзгелерден бөлектеу, топ арасынан бөлініп тұратын хипстерлерді жаңа пайда болған үрдіске жатқызу дұрыс емес. Бұған дейін де «нигилистер», «сәнқойлар» (стиляги), «хиппи» деген сияқты субмәдениеттер қалыптасқан-тын. Киім кию үлгісі мен кейбір өмір сүру аспектілері жағынан бұлар хипстерлердің арғы тегі болып табылады. Хипстерлердің олардан айырмашылығы оқыған, өнерге әуес, өзіндік стилі бар, позитивті жастар.

 

Хипстерлердің сыртқы сипаты

-  сәнді шаш үлгісі немесе қалпақ, кейбіреулері сақал-мұрт қояды

-  тор көз жейделер, жаңа үлгідегі футболка не қалың свитер

-  тар джинсы шалбары

-  түрлі-түсті қымбат кедалар

-  көзілдірік, көлемді фотоаппарат

Әрине, хипстерлердің киім үлгісінде қатып қалған қағида жоқ, бірақ негізінен классика мен спорттық киім үлгісінің «миксін» үйлесімді қолдануға акцент жасалады.

 

Хипстерлер және саясат

 

Әртүрлі құрлықтардағы хипстерлер

Хипстерлер Африкада да бар. Мұндағы хипстерлік сәнқұмарлықтың нәтижесінен емес, айналадағы ортаның артта қалушылығына деген наразылықтан туындаған. Африканың хипстерлері қирап жатқан сұр үйлер мен ғимараттардың аясында суретке түсу арқылы, кедейшілік пен ескішілдікке қарсылығын білдіреді.

Сондай-ақ, хипстерлердің ең жарқын бейнесін Токио, Милан, Лондон, Нью-Йорк қалаларынан көруге болады.

Бөлісу: