Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, деп хабарлайды El.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«Құрметті Президент мырза! Сіз қазақ-түрік қатынасын тұрақты дамытуға өлшеусіз үлес қосып келесіз. Мен осы саладағы айрықша тарихи рөліңізді ескере отырып, Сізді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым. Бұл шешім екіжақты қарым-қатынас жылнамасына алтын әріппен жазылары сөзсіз. Достығымызды нығайтып, береке-бірлігімізді арттыра түсіру үшін бар күш жігерімді жұмсауға дайынмын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.