ТМД елдері қашқын жемқорларды бір біріне беруге келісті

27 Қазан 2022, 09:13 2176

Бұл туралы Антикор мәлім етті

Астанада өткен ТМД мемлекеттері Басшылары кеңесінің кезекті отырысының шеңберінде мемлекет басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимылдағы ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойды.

Бұл құжат 2008 жылы әзірленіп, тек 2022 жылы тараптар түпкілікті редакциясына және жоғары деңгейде қол қою туралы келісті.

Келісімнің қолданылуы сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстық істер бойынша жәрдем көрсетуге; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге ықпал ететін үйлестірілген және келісілген іздестіру іс-шараларын және басқа да шараларды жүргізуге мүмкіндік береді.

Бөлісу: