ТМД-дан кезектен тыс Президенттік сайлауға 174 бақылаушы келеді

18 Қараша 2022, 14:55 1447

ОСК орталығында ТМД атқарушы хатшысы Сергей Лебедев БАҚ өкілдеріне баспасөз мәслихатын өткізді

ОСК ТМД миссиясының басшысы Сергей Лебедев ТМД-дан кезектен тыс Президенттік сайлауға 174 бақылаушы қатысатынын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz
Баспасөз мәслихаты барысында ол 174 бақылаушы 8 мемлекеттен екенін және ТМД миссиясы сайлау науқанын бақылауға дайын екенін жеткізіп, сайлауалды дайындық барысымен бөлісті.

«Біз кабиналарды да тексереміз, кейбір жағдайларда іші нашар жарықтандырылып жатады. Ерекше қажеттілігі бар жандарға Қазақстан ерекше көңіл бөлетінін байқадық. Осыған орай, сайлау учаскелерінде оларға ыңғайлы болуы үшін пандустар бар және еркін қозғалу үшін кабиналардың кеңірек болуын қадағаладық», – деді ТМД Миссиясының басшысы.

Сондай-ақ, ол бақылаушылар өзінің міндетін және сайлаушылармен жұмыс істеу кезінде басшылыққа алынуы тиіс ережелермен таныс екенін айтты.


 «ОСК кездесіп, қандай да бір мәселелер туындап жатса, талқылауға мүмкіндік бар. Біздің штба ОСК отырысына тұрақты түрде қатысады. Дайындық барысымен және атқарылған жұмыстармен таныспыз. Бақылаушылардан шағым түскен жоқ. Сол себепті, бұл сайлауды лайықты және ұйымдасқан түрде атап өтетінімізге сенім білдіремін», – деп тілге тиек етті ТМД Миссиясының басшысы Сергей Лебедев.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: