Титаник жайлы бірер дерек

30 Маусым 2014, 10:17

Титаникке байланысты тарихи оқиға әлемді сонау ақпаратқа қол жетімсіз заманда да қоғамды дүр сілкіндірді.

Титаникке байланысты тарихи оқиға әлемді сонау ақпаратқа қол жетімсіз заманда да қоғамды дүр сілкіндірді. Қанша адамның өмірі алып мұхитта үзілді. Адамзат тарихындағы ең қаралы оқиғалардың бірі деп осы Титаник оқиғасын айтуға болады. Бір ғасырдан астам уақыт өтсе де осы Титаник туралы әртүрлі деректер, әртүрлі оқиғалар су бетіне қалқып шығып жатқанын естіп те, біліп те жүрміз. Енді осы туралы әңгімемізді тарқатайық.

Титаникті 3 жыл көлемінде жасап шығарған. Бұл құрылысқа 3 миллионнан астам бараландар қажет етілген. Титаникті құрасытраудағы жалпы шығын – 7,500,000 долларды құрады.

Лайнердің иесі әдеттер мен ырымдарға сенбегендіктен теңіз дәстүрі бойынша түрлі ырымдарға жол бермеген және бақыт үшін шыны ыдыс сынбағандығы анықталды.

Дәл кіші қайықтарға ақша үнемдеуді талап еткен. Кеменің ішінде сол себепті тек 1178 адам сиятын 20 қайық болған. Ал ол – жолаушылардың тек жартысын ғана құрайды.

Оның құрылысы аяқталғанда Титаник әлемдегі ең үлкен кеме атанды. Оның ұзындығы – 268 метрді құрады. Ал салмағы лайнердің толық түрінде – 46328 тонна болып есептелді.

Кемеге су астына бату қаупі бойынша  кез-келген таңсық жағдайда 25 секунд ішінде түзетіп отыратын 16 су өтпейтін құрылғы орнатылған болатын.

Сол жылдары бірінші класстық орындарға билет бағасы – 4350 долларды құрады.

Кемеде күн сайын 825 тонна көмірді қажет ететін 29 пеш жұптары болған. Негізгі қызметін тек 3 құбыр ғана атқарған. Ал төртіншісі – тек сән үшін болған екен.

Әлгі қайғылы жағдай орын алғанда кеме бортында 1316 жолаушы есептелген. Экипаж құрамы – 898 адамнан тұрған. Демек, кеме бортында 2207 адам болған көрінеді. Сол түні – 1495 адам қаза тауып, тек 712 адамды ғана құтқаруға мүмкіндік болған. Қайтыс болған адамдардың көпшілігі – мұхиттың мұздауынан қаза тапқан көрінеді.

Кіші қайықтардың көпшілігі жартысы болмастан жіберілген. Себебі, адамдардың шу көтеріп шыдамдылық танытпауынан дейді.

Титаник кемесі - Атлант мұхитының 4 километр тереңдігінде батып кеткен.  Ол – Гренландия жағалауына жақын жерде орын алған.

1912 жылдың 14 сәуір күні кешкі сағат 11.40 кезінде лайнер үлкен айсбергке соқтығысқан. 2 сағат 40 минут ішінде толығымен суға батқан деседі. Қайғылы жағдай – кеменің шығарылғанына небәрі 5 күн болғанда орын алған екен. 

Алапат жағдай орын алып жатқан кезде кеме сапында музыка ойнап тұрған екен. Музыканттар оркестрімен бірге қайтыс болған деген қауесет бар. 

Бөлісу: