Тіс туралы қызықты мәліметтер

18 Желтоқсан 2015, 12:27

Тіске байланысты қызықты фактілер топтамасы.

El.kz порталы тіс туралы қызықты мәліметтер топтамасын ұсынады. 

ХІХ ғасырда Еуропада тістің сарғыш болуы сәнге айналған. Замаңына қарай бөркіңді ки демекші, көпшілік сол кезде тістерін арнайы сары түспен бояған екен.

Кейбір африкалық тайпаларда жан-жануарлардан ерекшелену үшін күрек тістерді орта   бөлігінен сындырған.

Австралияның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі тайпалар күрек тістерін тылсым күштерге құрбан еткен.

Аңыз-әңгімелерге сенсек, Будданың 40 тісі болса, Адамда 30 тіс болған екен. Бір айдағы 30 күннің болуы осыған байланысты деседі.

Адам тістері 2-ақ рет өздігінен өседі. Біріншісінде, 20 сүт тістер пайда болса, кейінен 32 тіс шығады. Айтпақшы, «сүт тістер» деп алғаш болып Гиппократ атап кеткен.

Тұңғыш рет электрлі тіс щеткасы Швейцарияда пайда болды. Қазіргі таңда әлемдегі 12% адамдар электрлі тіс щеткасымен қолданады.

Әлемдегі ең қымбат тіс – Исаак Ньютонның тісі. 1816 жылы 3300$ сталып алынған бұл тіс иесінің жүзігінен орын тапты.

Тістерге бағалы тастарды қондыру ерте кезде де сәнде болған. Мысалы, Майя тайпасының адамдары тістерін гаухар тастармен көркемдеген.

14 мыңға жуық емделушілерді зерттеп-бақылаған жапондық ғалымдар, күніне тістерін 3 рет тазалайтын адамдар үлкен салмақпен сирек жолығатынын дәлелдеді.

Тістердің қауіпсіздігне нұқсан келтіретін бірден-бір спорт түрі – хоккей. Кәсіпқой хоккейшілердің 68% мұз айдынында кем дегенде бір тісінен айрылған.

Өткен ғасырдың 60-ыншы жылдарынан бастап әлемде 3000 жуық жаңа тіс щеткаларының түрлері пайда болыпты. Мысалы, үшбасты щетка (максималды тазалық), тіс пастасын өзі сығып беретін щетка, таймері бар тіс щеткасы және т.б.

АҚШ-тың Вермонт штатының заңдарына сәйкес, әйел адам тіс протезін тек жолдасының жазбаша рұқсатынан кейін кие алады.

Алғаш тіс щеткалары Қытай елінде 500 жыл бұрын пайда болған. Олар доңыздың түгінен, борсық пен жылқының шашынан жасалған.

Әлемдік алмаз байлығының 80 %-ы стоматологиялық бор әзірлеуге жұмсалса, қалған кішкене бөлігі ғана зергерлердің қолына тиеді екен.

Тістің алтын қаптамасын дайындау үшін бір ғана америкалық тіс дәрігерлері жыл сайын 13 тоннаға жуық алтын жұмсайды екен.

Қытай елінде қолданылған тіс тазартқыштарды жинайтын мекемелер бар. 1 кг тіс тазартқыш таяқтардың құны 1 доллар.

Кейбір зерттеулер бойынша, солақайлар көп жағдайда асты сол жақ тістерімен шайнаса, қалғандары оң жақ бөлік тістерімен шайнайды екен.

Людовик ХІ кезінде елге беделді адамдар тек сұйық тамақ ішкен деседі. Өйткені, олардың пайымдауынша, тамақты көп шайнау бетке әжім түсіреді.

Норвегияда 100 мыңға жуық сүт тістер сақталған «тіс банкі» жұмыс жасайды. Бұл банк қоршаған ортаның тіске тигізетін әсерін бақылауға көмектеседі. 

Алғаш стоматолог әйел адам – америкалық Люси Тэйлор.

АҚШ-тың Род-Айленд штатында сенбі күндері тіс щеткасын сатуға тыйым салынған.

Қытайда 20 қыркүйек күні «Өз тістеріне махаббат» ұлттық мейрамы тойланады.

Грейпфурт жемісі ауыз қуысы ауруларынан сақтайды.

Ежелгі египеттіктер тіс пастасы ретінде вино мен пемзаның қоспасын қолданған.

Ежелгі Римде тіс тазалау үшін арнайы құлдарды жалдаған. 

Сағызға алғаш рет қантты 1869 жылы стоматолог Уильям Семпл қосқан болатын.

Тіс 1000 градуске дейін төзе алады.

Кальцийдің 99%-ы тісте жинақталған.

Какаоның құрамында тіс жегін алдын алатын қоректі заттар бар.

Ұлудың 25 000-ға жуық тістері бар.


Айша АХМЕТ

Бөлісу: