Тимур Құлыбаев Ұлттық Олимпиада комитетінің құрамына қайта сайланды

20 Қазан 2022, 18:12 1930

Оның кандидатурасын Азия Олимпиадалық Кеңесі (АОК) континент өкілі ретінде ұсынды

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев 2023-2026 жылдарға Ұлттық олимпиада комитеті қауымдастығының атқару комитетінің құрамына қайта сайланды, деп хабарлайды El.kz  Olympic-ке сілтеме жасап.

Оның кандидатурасын Азия Олимпиадалық Кеңесі (АОК) континент өкілі ретінде ұсынды. Тимур Құлыбаев 2015 жылдан бері Құрлықтық қауымдастықтың Азия Олимпиадалық кеңесінің вице-президенті.

Айта кетейік, Тимур Құлыбаев Халықаралық Олимпиада комитетінің қоғаммен байланыс және спорт арқылы әлеуметтік даму жөніндегі комиссиясының белсенді мүшесі.

Бөлісу: