Тимофей Скатов Чилидегі жарыстың жартылай финалына шықты

28 Қаңтар 2023, 10:47 838

Қазақстанның екінші, әлемнің 144-ракетасы Тимофей Скатов Консепсьон (Чили) ATP Challenger Tour жарысының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 102-інші, турнирдің 2-ракеткасы, чилилік Алехандро Табиломен кездесті.

Аса тартысты өткен матчта Т.Скатов 6:4, 3:6, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Екі сағат 29 минутқа созылған бәсеке барысында ол 5 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Қарсыласы 5 эйс, 5 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.

Петропавл қаласының түлегі финалға шығу үшін әлемнің 203-ракеткасы, аргентиналық Факундо Диас Акостамен таласады.

EL.KZ
Бөлісу: