«Тілі ұзын» әйеліне ерегіскен жігіт бірден 4 қызға үйленді

12 Ақпан, 10:55 1221

Кувейтте 28 жастағы азамат бұрынғы әйеліне ерегесіп, бірден төрт қызға үйленіп, той жасады, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Жігіт пен оның бұрынғы әйелі бірнеше ай ғана бірге тұрған. Ерлі-зайыптының арасында жанжал туындап, әйел жігіттің намысына тиетін сөздер айтқан. Жігіт әйелінің "саған ешкім тұрмысқа шықпайды" деген сөзіне ерегісіп, бірден 4 қызға үйленді. 

Бұрынғы жұбайына кек қайтару мақсатында жас жігіт шариғат заңдарына жүгінген. 4 қыздың екеуі орыс ұлтының өкілдері екені белгілі болды. 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: