Тілі шықпаған 4 жастағы бүлдіршін түйеге мінген соң сөйлеп кетті

16 Қаңтар, 12:45 2416

Қызылордада түйеге мінген кезде  төрт жастағы баланың тілі анық шыққан, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Анасының айтуынша, Бексұлтанға үш жасында «1-ші деңгейдегі жалпы сөйлеу тілінің дамымауы» деген диагноз қойылған екен. 

2022 жылы қарашада диагноз қойды. Әдепкіде аутизм деп күдіктенген едік. Негізі кез келген бала қалыпты жағдайда 1 жасынан бастап «ана» немесе «әке» деп сөйлеп кетуге тиіс. Мамандармен де жұмыс жасауды қолға алғанбыз, – дейді анасы. 

Анасы дефектологтардың кеңесіне құлақ асып, баланың тез сөйлеуі үшін эмоциясын шығаруға тырысқан.

Бірде төрт түлік асырайтын туысқандарымызға барып, балама түйе, жылқыны көрсеткіміз келді. Түйе күншуақтап жатқан сәтте оған баламды отырғыздық. Сол кезде бірден өркешін құшақтап, қатты ымдап, дауыстап «чу-чу», «көс-көс» деп сөйлеуге тырысты, – дейді бес баланың анасы.

Содан бастап, баланың тілі анық шыға бастаған. Қазір Бексұлтанның сөздік қоры аз болса да, қойылған сұрақтарға жауап береді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: