Тілді үйренудің 5 тиімді әдісі

25 Шілде 2014, 03:58

Жаңа тілді оқу қиын үрдіс. Сонымен қатар жеке адамның ерекшеліктеріне тікелей байланысты.

Жаңа тілді оқу қиын үрдіс. Сонымен қатар жеке адамның ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Кейбір адамдар  енді ғана ережелерін жаттап жүрген болса, басқалары Гамлетті түпнұсқасында оқып жүр. Неге кейбір адамдарға оқу оңай беріледі? Қандай құпия сырлары бар екен? Олар жайында төменде жазылған.

 

Тілдерді қалай үйренеміз

Кез келген адам тілді үйренуге қабілеті бар. Ол қабілет тумасынан бастап барлық адамға тән. Осының арқасында өзіміздің ана тілімізді де еш қиындықсыз біліп шығамыз. Егер де балалар тілдік ортада болатын болса, онда тез арада тілді үйреніп ала алады. Адам баласы кіші кезден бастап түйсігімен тілді үйренуге дайын болып келеді. Сосын мектепке барып грамматика мен пунктуация үйренеміз. Кіші кезімізде қаланған лингвистикалық база негізінде тілді тереңірек түсіну басталады. Тілді оқу арнайы техникалар мен әдістер, лингофондық кабинеттерсіз ақ іске асады. Неге жас ұлғайған кезде тілді оқу соншалықты оңай емес? Лингвистикалық ерекшелік тек балаларға тән дүние ме екен? Негізінде бұл сұраққа иә деп жауап берсе де болар еді. Физиологиялық кедергілерден бөлек үлкейген кезде тілді оқу үрдісі басқаша жүреді. Мысалы, үлкендер өздерінің уақыттарының тек арнайы бөлігін тіл оқуға арнайды. Осындай шектеу тілді оқу үрдісінің тиімділігн төмендетеді.

Тілді қалай үйрену керек

Егер де шет тілді тез және сапалы меңгеру керек болса, оқу үрдісінде бірнеше пайдалы кеңеске назар аудару керек.

Қайталау

Жаңа жаттаған сөздер мен ұғымдарды есте сақтап қалудың негізгі кепілі қайталау. Белгілі бір уақыт өткен сайын сөздерді еске алып тұру керек. Оларды пайдаланбаса, ұмытылады. Мысалы, бүгін оқыған сөзді ертең қайталау керек. Кейін екі күн өткеннен кейін, сөйтіп қайталау аралығын ұзарта беру қажет. Бұл әдісті графиктен көре аласыз:

Ұйқы алдында оқыңыз

Жаңа тілді үйрену көп көлемде жаңа ақпаратты есте сақтау мен түсінуден тұрады. Мысалы, грамматикалық ережелерді мысалдармен түсініп, оларды пайдала алу керек. Ұйқы алдында жатталған сөздер, сабақ кезіндегіге қарағанда тез жатталады.

Тек тілді ғана емес, контентті оқыңыз

Тілді оқу барысында сол тілден пайдалы ақпараттарды оқу керек. Қызықты материалдар тілге деген қызығушылықты арттыра түседі. Зерттеу нәтижелері де осыны дәлелдейді. Бір тор студенттерге тек француз тілін оқуға берген, келесі топқа француз тілінде бірнеше пәндерді оқуға берген. Екінші топ қатысушылары мәтінде түсіну мен оқуда қаттырақ алға ілгеріліген. Жұмыс істегендіктен тілді оқуға керекті арнайы уақытта бөлу өте қиын. Егер де тілмен күнделікті айналысса, оның пайдасы жақсырақ болады. Біздің ми бір уақытта көп ақпаратты қабылдай алмайды. Сол себепті оны бөліп-бөліп берген дұрыс. Бос уақыттарда подкасттар тыңдау тілдің құрылымы мен сөйлеуді түсінуге жақсы құрал.

Ескі мен жаңаны араластыр

Оқу керек матераил көлемі өте көп. Сол себепті тілді тез оқуға тырысамыз. Осындай асығыстық кезінде ескі ақпарат ұмытылып қалып жатады. Мұны болдырмау үшін ескі өткен ақпаратты жаңа алынған біліммен араластырып отыру керек. Сонда жаңа тілді оқу үрдісі жылдамырақ жүреді. 

Бөлісу: