Тіл үйренушілер: «Ситуативный казахский» оқулығы мемлекеттік тілді тез әрі емін-еркін үйренуге көмектеседі

3 Желтоқсан 2019, 11:55 2847

Атыраудың Достық үйінде «Ситуативный казахский» кітабының авторы Қанат Тасыбековпен кездесу және «Ситуативный казахский» әдістемесі бойынша «Мәміле» ауызекі сөйлеу клубының таныстырылымы өтті.


Шараға қатысқан этномәдени бірлестіктің мүшелері мен төрағалары, тіл жанашырлары және тіл үйренуші жастар автордың «Ситуативный казахский» еңбегінің І, ІІ, ІІІ томдарымен етене жақын танысып, оқулық ішіндегі ақпараттардың күнделікті тұрмыста, қоғамда, әлеуметтік ортада және адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас орнатуында зор ықпал тигізетінін айтып, өзіндік ойларын білдірді.

Оқулық авторы да «Мәміле» қазақ тілі пікіралмасу клубының маңыздылығына тоқталып, клубқа қазақ тілін үйренуге ден қойған барлық азаматтар келеді, ең бастысы олар бір-бірімен еркін сөйлесіп, тілдерін дамытуға жағдай жасайды деп атап өтті.


Бөлісу: