Тікұшақ апатынан қаза болған офицердің аты-жөні белгілі болды

9 Қараша, 17:05 725

Ақтөбе облысындағы оқу-жаттығу ұшуы кезінде болған авиациялық апат кезінде Әуе қорғанысы күштері әскери институты авиациялық эскадрильясының офицер-нұсқаушысы майор Батыр Оразымбетов қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

36 жастағы офицер Әуе қорғанысы күштері әскери институтын 2009 жылы "ұшақтар, тікұшақтар және авиациялық қозғалтқыштар" мамандығы бойынша бітірген.

Қызмет барысында Әуе қорғанысы күштерінде түрлі лауазымдардан өткен.

Қорғаныс министрлігі Батыр Оразымбетовтің Ми-8 тікұшағын пайдалануда үлкен тәжірибесі бар екенін, жалпы ұшу уақыты 500 сағаттан асатынын атап өтті. Қызмет барысында жоғары кәсібилік пен адалдық танытқан. Биыл  көктемде болған су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан. Мерейтойлық және еңбек сіңірген жылдары үшін медальдарымен марапатталған. Үйленген, артында екі баласы қалды. 

Апатты жағдайдағы қону кезінде зардап шеккен әскери институт авиациялық эскадрильясының командирі майор Бибарыс Ибраев пен оқу-жаттығу авиациялық орталығының аға ұшқыш-нұсқаушысы аға лейтенант Рүстем Нығметов қазір облыстық ауруханада жатыр. Жағдайлары тұрақты-ауыр. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қаза тапқан офицер мен зардап шеккендердің туыстары мен жақындарына жан-жақты қолдау көрсетілу үстінде,-делінген ведомство мәліметінде.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: