TikTok жыл сайынғы педагогтер байқауын жариялайды

6 Қараша, 19:10 396

Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен TikTok қысқа бейнероликтерді әзірлеуге арналған жетекші платформа #Қазақстанмұғалімдері немесе #УчителяКазахстана хәштегімен байқау жариялайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, байқау үшінші жыл қатарынан өтуде, оған мектеп мұғалімдері де, колледждер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары да қатыса алады.

Аталған бастама еліміздің педагогтерін платформа аудиториясымен өз тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік береді. Өткен жылдардағы байқау жеңімпаздары Ботагөз Омарова, Игорь Гноева, Хайдар Мырзахметов өз бейнероликтері арқылы миллиондаған лайк жинап, әлеуметтік желі қолданушыларының ықыласына бөленген еді.

Байқау арқылы мен білім беру мазмұнын құрудың жаңа тәсілдерін табуға және өз білімімді бөлісуге үйрендім. Бұл маған дәстүрлі оқыту шеңберінен шығып, оқушыларға күрделі тақырыптарды түсінікті және қызықты жеткізудің жолын табуға мүмкіндік берді. Оқушыларымның физиканы талқылап, өз ойларымен бөлісіп, тіпті эксперимент үшін жаңа идеялар ойлап тауып жатқанын көру мен үшін ерекше қуаныш болды, — дейді 2023 жылғы байқаудың жеңімпазы, физика пәнінің мұғалімі Хайдар Мырзахметов.

Байқауға TikTok-та танымдық контент жасайтын немесе оны бастағысы келетін мектеп мұғалімдері мен колледждер, жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысады Қатысушылар 4 қараша - 3 желтоқсан аралығында платформада өз пәні бойынша қысқа танымдық бейнероликтер жариялауы қажет. Роликтердің ұзақтығы кемінде 30 секунд және #Қазақстанмұғалімдері хэштегінің көрсетілуі маңызды.

Биылғы жылы ұлттық байқаудың үш жеңімпазы болады. Олар критерийлер жиынтығы негізінде, соның ішінде лайк, қаралым саны, бейнеролик сапасы және оқытылатын пәнге сәйкестігі негізінде бағаланады.

Байқау жеңімпаздары iPhone 16 Pro смартфондарына ие болады, бұл оларға одан да жақсы бейнеконтент жасауға көмектеседі.

Толық ережелер TikTok қосымшасында https://activity.tiktok.com қолжетімді.

Зарина Арман
Бөлісу: