TikTok желісінде діни алауыздықты қоздырған шымкенттік сотталды

Бүгiн, 15:05 125

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты желіде дуни алауыздықты қоздырған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сотталушыға Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігі (діни алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана әрекеттерді жасау) бойынша айып тағылған.

Істі қарау нәтижесінде «неотәңіршілдікті» ұстана тұра, бір жылға жақын уақыт аралығында TikTok әлеуметтік желісінде «стрим» тікелей хабарын өткізіп, діни алауыздықты қоздыру мақсатында ислам дінін ұстанушыларға қарсы діни алауыздықты қоздыруды негіздейтін ойларын жария жасағаны анықталды. Сотталушының тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттар арқылы дәлелденген.

Прокурор сотталушыға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұрады. Жаза тағайындау барысында сот сотталушының қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде жасаған әрекетіне шын өкінуін таныды, ауырлататын мән-жайлар анықталмаған, - делінген Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында.

Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: