Tik Tok қосымшасы қазақ тіліне аударылды

17 Қаңтар 2023, 11:40 1670

Тік Ток қосымшасындағы интерфейс тілін қазақ тіліне ауыстыруға болады

Тік Тоk қосымшасына қазақ тілі қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«ТikTok қосымшасы енді қазақ тілінде де қолжетімді екенін хабарлауға қуаныштымыз. Қазақ тілін таңдау мүмкіндігі Android және iOS құрылғыларына арналған қосымшаның соңғы нұсқаларында пайда болды», делінген хабарламада.

Сондай-ақ платформа Tik Tok пайдаланушыларына қандай форматтағы бейнероликтерді орналастыруға болатынын және тыйым салынатынын түсіндіретін ережелерді де қазақ тіліне аударды.

EL.KZ
Бөлісу: