Ұсақ бұзақылық үшін жеті тәулікке қамауға алынған атышулы трансгендер Амилай бостандыққа шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Желі жұлдызы қолдау білдірген оқырмандарына алғыс айтты.
Достар, мен шықтым. Бәрі жақсы өтті. Ол жақта ешкім тиіскен жоқ. "Маған тиісетін болсаңыздар, бәрін шулатамын“ деп қорқыттым. Сол үшін ешкім жоламады. Бастықтармен танысып қайттым. Мені ұстаған полициялар ғой, нағыз қанішерлер. Жүйкеге тиеді екен. Түрме қызметкерлері сыпайы әрі барлығын түсіндіреді. Көзімнің қызарғаны қайтпай жатыр. Соны уайымдап отырмын. Сол жақтан вирус жұқтырып келген екенмін. Окулистке қаралып, ем алып жатырмын, – деді желі жұлдызы.
Бұған дейін Амилайдың шу шығарып, түрмеге жабылғанын жазған едік.