TEZ.KZ туроператорының барлық туристері Қазақстанға қайтарылады

24 Қаңтар, 21:30 617

Қазақстан азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі «Туристік Қамқор» КҚ ақпараты бойынша TEZ.KZ туроператоры өз қызметін тоқтатты. Дегенмен осы туроператор арқылы шетелде жүрген қазақстандық туристерге алаңдауға негіз жоқ. Еліміздің Туризм және спорт министрлігі олар елге қайтарылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған туроператор ел азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады. Бүгінде шетелде бұл туроператордың 300-ден астам қазақстандық туристі бар.

«Мәселені шешу үшін Туризм және спорт министрлігі мүдделі тараптармен жедел кеңес өткізді. Осылайша министрліктің қолдауымен TEZ.KZ туроператорының барлық туристері Қазақстанға туроператордың кепілдік жүйесінде жинақтаған қаражаты есебінен қайтарылады. Кепілдендірілген қайтарудың алғышарты - туркодының болуы болып табылады. Туристерге туристік өнімде көрсетілген келу күндеріне сәйкес Қазақстанға қайту билетімен қамтамасыз етіледі делінген ведомство ақпартында.

2016 жылдан бастап туроператор сататын әрбір турда ТУРКОД болуы керек - бірегей әріптік-цифрлық мән. Туркодтың әрекеті Қазақстан Республикасының шекарасынан өткен кезден басталады және туроператордың өз міндеттемелерін орындауы не орындамауы мүмкін болмаған жағдайда тез арада қайтарылуына кепілдік береді. Әрбір ұйымдасқан турист оны талап етуі керек.

Оқи отырыңыз: 

Қордың негізгі мақсаты - турист болып табылатын Қазақстан азаматтарының туроператордың өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда уақытша болатын елден ел аумағына тез оралуын қамтамасыз ету болып табылады.

Туристердің қайтарылуы бойынша барлық сұрақтарға қатысты келесі контактілерге хабарласуға болады:

1) «Туристік қамқор» КҚ директоры - Есілов Асылхан, тел. 74-51-58, +77015340508;

2) ҚР Туризм индустриясы комитетінің басқарма басшысы - Әуезов Мейіржан, тел. 74-07-71, +77015532064.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: