Терроризмді насихаттаған Шымкент тұрғыны ұсталды

29 Ақпан, 09:43 877

ҰҚК терроризмді насихаттаған күдікті адамды ұстағанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылғы 28 ақпанда ҰҚК покуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның көмегімен Шымкент қаласының тұрғынын ұстады. Ол әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттағаны үшін күдіктелуде.
 
Тергеу нұсқасы бойынша ұсталған ертеректе ұзақ уақыт бойы алыс шет елдердің бірінде тұрып, радикалды идеологияны қабылдаған. Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
 
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: