Терроризм: полиция Шоқан Уәлихановқа іздеу жариялады

7 Сәуір, 17:22 671

Алматы облысында полиция ҰҚК-нің бастамасымен Шоқан Уәлихановқа іздеу жариялады. Бұл туралы ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында пайда болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрлігі Tengrinews.kz-ке берген жауабында аталған азаматқа не себепті іздеу жарияланғанын түсіндіріп берді.

Аталған азаматқа ҚР Қылмыстық кодексінің 405-бабының 1-бөлігі бойынша (экстремизм немесе терроризм әрекеттеріне байланысты сот шешімімен тыйым салынған қоғамдық немесе діни бірлестіктің қызметін ұйымдастыру және қатысу) мемлекетаралық іздеу жарияланды, – деп делінген мәліметте.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: