"Терракт жасаңдар". ҰҚК қарағандылық азаматты ұстады

4 Қаңтар, 14:25 1828

3 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның жәрдемдесуімен Қарағанды облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол жұмыс орны бойынша және әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттауға күдіктелуде. Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынды.

Қылмыстық кодекс 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекс 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: