Тергеу қамауындағы 5000-нан астам азамат сайлауда дауыс бере алады

20 Қараша 2022, 09:24 1010

Бұл туралы polisia.kz сайты мәлімдеді

Тергеу изоляторларында сайлау учаскелері ашылды, – деп хабарлайды EL.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының тергеу изоляторлары дауыстарды қабылдау жұмысына кірісті. “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” ҚР Заңына сәйкес үкімі заңды күшіне енбеген тергеу изоляторларында ұсталатын ҚР-ның кәмелет жасына толған азаматтарының жалпыға бірдей белсенді сайлауға қатысу құқығы бар.

Бес мыңнан астам тергеу-қамауындағы адамдардың кезектен тыс президенттік сайлауға дауыс беруге қатысу мүмкіндігі бар. Елімізде барлығы 16 жабық сайлау учаскесі ұйымдастырылған, олардың әрқайсысы мекеме орналасқан жердегі сайлау округіне кіреді.

EL.KZ
Бөлісу: