Тергеу изоляторына аяқ киіміне телефон жасырып кірмек болған азамат ұсталды

9 Ақпан, 16:40 1433

Тергеу изоляторына телефонды аяқ киіміне жасырып кірмек болған азамат ұсталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты Nº70 мекемесіне қамауға алынғандарға әкелген сәлем-сауқаттарды тексеру кезінде қысқы аяқкиімнің табанына жасырылған L8STAR телефон, SIM-карта, ақ түсті USB құрылғысы және қара түсті сымсыз құлаққап табылып, тәркіленді.

 Заңға қарсы іс-әрекетке бармақ болған күдікті 36 жастағы азамат екені анықталды. Аталған факті бойынша қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен басқа да заттарды беру бойынша материал жасалып, өткізбек болған азаматқа қатысты шешім қабылдау үшін іс сотқа жолданды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: