Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында теннистен әлем чемпионаты Азия - Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Бұл туралы Теннис федерациясына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Бозбалалар арасында 7-13 мамыр аралығында өтетін іріктеу сайысына 16 команда қатысады.
Қазақстандықтар D тобында Тайбэй, Өзбекстан және Жаңа Зеландия құрамаларымен ойнайды. 8 мамыр күні Сергей Квактың шәкірттері Жаңа Зеландиямен сынға түседі.
Қазақстан намысын мына спортшылар қорғайды: Әмір Омарханов (Қарағанды), Заңғар Нұрланұлы (Түркістан), Дамир Жалғасбай (Алматы).
Команда капитаны: Сергей Квак.