Теннистен ӘЧ іріктеу: Қазақстан Жаңа Зеландияны ойсырата жеңді

8 Мамыр 2023, 20:34 830

Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия – Тынық мұхиты аймағы бойынша өтіп жатқан Juniors Davis Cup әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан жасөспірімдері Жаңа Зеландияны 3:0 есебімен ұтты. Бұл туралы Теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жасөспірімдер командасы D тобында бастапқы кездесуінде Жаңа Зеландия құрамасымен шеберлік байқасты. Алдымен Заңғар Нұрланұлы 58 минутта Фин Уилманды тізе бүктірді – 6:0, 6:1.

Әмір Омарханов та қалыспай, Кай Милборнды 6:1, 6:2 есебімен ұтты. Содан кейін Әмір Дамир Жалғасбаймен бірге жұптық сында қарсыластарын қапы қалдырды – 6:3, 6:2.

Ертең, 9 мамыр күні қазақстандықтар Қытайлық Тайбэй командасымен кортқа шығады.

 

Берік Арманов
Бөлісу: