Теннисші Бейбіт Жукаев елордадағы жарыстың финалына шықты

16 Шілде 2022, 17:52 1170

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы мәлім етті

Қазақстандық Бейбіт Жукаев елордадағы Ұлттық теннис орталығында ITF сериясы бойынша өтіп жатқан M25 турнирінің финалына шықты, – деп хабарлайды El.kz.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Б.Жукаев жартылай финалда жарыстың екінші ракеткасы, үндістандық Праджнеш Гуннесваранмен шеберлік байқасты. Ақтау теннис мектебінің түлегі 2 сағат 6 минутқа созылған кездесуде 4:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Қазақстандық теннисші бәсеке барысында 13 эйс жасап, 2 брейкке қол жеткізді.

Б.Жукаев елордадағы доданың финалында өзбекстандық Сергей Фоминмен бас жүлдені сарапқа салады. Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев жұптық сында Беларусь өкілі Иван Лютаревичпен бірге финалда эстониялықтар Даниил Глинка - Карл Саарға есе жіберді - 6:7, 3:6.

Әйелдер арасында жекелей сында соңғы бәсекеде жапониялық Момоко Кобори мен үндістандық Анкита Раина ойнайды. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.


Бөлісу: