Қазақстандық теннисші, әлемнің 446-ракеткасы Жібек Құламбаева Түркияның Анталья қаласында өткен ITF W15 турнирінің абсолютті чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингіде 622-орында тұрған чехиялық Дениса Хиндовамен бас жүлдені сарапқа салды.
Құламбаева 6:1, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Бұдан бұрын, Жібек ресейлік Дарья Лодиковамен бірге жұптық сында да үздік шыққан еді. Осылайша, ол жарыстың абсолютті чемпионы болды.