Теміртауда үш жасар бала 5-қабаттың терезесінен құлап кетті

17 Маусым, 15:39 437

Теміртау қаласында бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен үш жасар бала құлап, мерт болды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Ересектер баланың пәтерде жоқ екенін кеш білген. Олар бала жатқан бөлменің терезесін жабуды ұмытып кетіпті.

Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, Теміртау орталық ауруханасының дәрігерлері баланы өмірге қайтаруға бар күш-жігерін салғанымен, аман алып қала алмады.

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын Атырауда үш жастағы бала 10-қабаттан құлап көз жұмған еді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: