Теміртау тұрғынын пышақтаған күдікті Грузияда ұсталды

15 Шілде, 10:29 572

Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Грузиядан адам өлтіруге оқталған күдікті Қазақстанға экстрадициялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұрын қарақшылық жасағаны үшін сотталған күдікті 2022 жылы тамызда Теміртау қаласында жәбірленушіге пышақпен дене жарақаттарын келтірген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті тергеуден жалтарып, халықаралық іздеуге жарияланған.

2023 жылғы қазанда ол Грузияда ұсталды. Бас прокуратураның сұрауы бойынша Грузия тарапы оны Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім қабылдады.

Қазір ол Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: