Теміртау тұрғындарына шабуыл жасаған күдіктілер қолға түсті

29 Маусым 2023, 20:35 806

Теміртау тұрғындарына шабуыл жасаған күдіктілер қолға түсті. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты полиция бөліміне 21 жастағы қаланың екі тұрғыны арызданды. Олар белгісіз азаматтардың өздеріне қатысты шабуыл жасағанын айтты.

Күдіктілер жәбірленушілерге күш қолдану арқылы оларда бар бағалы заттарды алып, оқиға орнынан іздерін жасырған. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 1 миллион 47 мың теңгені құраған. Олар күдіктілердің жастары 20-25 жас аралығында екенін айтты. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 19 бен 22 жас аралығындағы екі азамат ұсталды. Олар мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді, - делінген мәліметте.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 191-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Перизат Саденова
Бөлісу: