Темірбек Медетбек және Исраил Сапарбай Қазақстанның халық жазушысы атанды

23 Қазан, 13:30 433

24 жылғы үзілістен кейін қайта беріле бастаған «Қазақстанның халық жазушысы» құрметті атағына биыл ақын Темірхан Медетбек, ақын, драматург Исраил Сапарбай және жазушы Валерий Михайлов ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері, ақын-жазушылар Темірхан Медетбек, Валерий Михайлов және Исраил Сапарбай «Қазақстанның халық жазушысы» атағына ие болды, – делінген Ақорда хабарламасында. 

Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда «Қазақстанның халық жазушысы» атағын қайтару жөнінде тапсырма берген болатын. 2023 жылы «Қазақстанның халық жазушысы» атағына белгілі қаламгерлер – Төлен Әбдікұлы, Смағұл Елубай, Бексұлтан Нұржекеев, Софы Сматаев, Ахметжан Аширов, Любовь Шашкова ие болды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: