Теледебат: Қарақат Әбден әріптесі Салтанат Тұрсынбекованың ұстанымын сынға алды

11 Қараша 2022, 21:10 1379

Теледебатта кандидат Қарақат Әбден кандидат Салтанат Тұрсынбековаға сұрақ қойды

Қарақат Әбден кандидат Салтанат Тұрсынбековаға «Салтанат ханым, сіз халықпен кездескенде мені бірталай сыңға алып,мені президенттікке лайық емес депсіз. Барлығы біледі мен жүрген жерімде қазақ қыздарының абыройы мен деңгейін көтеріп, насихатап жүрмін. Ал сіз болсаңыз Қажыкен мырзаның артынан ілесіп, оның сексист принциптерін қолдап жүрген сияқтысыз.Бұл сіздің өмірлік позицияңыз ба?» деп сұрақ қойды, деп хабарлайды El.kz

«Әйел адамның әйел адамға осындай сұрақ қойғаны ерсі демей-ақ қояйын, бірақ біртүрлі екен. Елді аралап, қымыз құйып жүргеніңізбен қазақтың салт-дәстүріне дұрыс үңілмеген шығарсыз. Білмеймін. Бірақ, қазақ халқында ешқашан сексизм деген болмаған. Егер, сіз мені танысаңыз, мен кәсіби заңгермін. Яғни, мен біреудің құқығын қорғамасам, ешқашан қорлай алмаймын. Сексизм түгілі, бейджизм бола ма, басқасы бола ма мен үшін бқл жат дүние. Сол себепті сіздің сөзіңізді орынсыз деп есептеймін. Барлық әйелдің, ішкілікке опасыздыққа салынған әйелдердің отбасын кезіп жүрдім. Сол отбасының барлығы менімен әрдайым байланыста. Осындай істерді атқарып жүрген маған мына сұрақты қойғаныңызды түсінбей қалдым», - деді Салтанат Тұрсынбекова.

Айта кетейік, Президенттікке кандидаттардың және олардың сенімді өкілдерінің қатысуымен телевизиялық дебат өтіп жатыр.

Миражан Махан
Бөлісу: