Тбилисиде Әлихан Смайыловты қарсы алу рәсімі өтті

23 Маусым 2023, 14:11 792

Тбилисиде Грузияға ресми сапармен келген ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловты қарсы алу рәсімі өтті.

Әскери оркестр салтанатты жағдайда екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.

Мұнан соң Әлихан Смайылов пен Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили қарауыл бастығының ере жүруімен Құрмет қарауылы сапын аралап шығып, бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

EL.KZ
Бөлісу: