15 ақпанда жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 09:50-де қалың қардың салдарынан Хорог қаласындағы Носир Хисрав атындағы махалланың тұрғын үйлеріне үлкен қар көшкіні түсті. Бұл туралы Тәжікстан Үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитеті хабар таратты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Қар көшкіні салдарынан 4 тұрғын үй тұтастай, 35 үй жартылай, 5 шаруашылық нысаны қирады. ГБАО аумағында 14 адам, Варзоб ауданы аумағында 1 адам қаза тапты, 12 адам түрлі дене жарақаттарын алды», - делінген хабарламада.
Синоптиктердің болжауынша, қар көшкіні қаупі 19 ақпанға дейін сақталады.