Тәжікстанда 5,7 балдық жер сілкінісі тіркелді

9 Наурыз 2023, 09:00 1591

 Төтенше жағдайлар министрлігі «СТӘК» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі бүгін Алматы уақыты бойынша сағат 07:36-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 598 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында жатыр. Энергетикалық санаты – 11.7. MPV магнитудасы – 5.7. Тереңдігі – 25 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ.

EL.KZ
Бөлісу: