15 Тамыз 2016, 11:46
Н А С И Х А Т
Дұшпанның ащы сөзінен сақта,
Жымысқының сұқ көзінен сақта.
Арамзаның ісінен сақта.
Саясаттың үрейлі күшінен сақта.
Кетік аяқпен ас ішкеннен сақта,
Ақылсыздықпен отқа түсуден сақта.
Арақ ішіп еліріп,ажал күтіп,
Денең шіріп ісінуден сақта.
Қарының тойып кекіргеннен сақта.
Жоқтыққа налып өкінгеннен сақта.
Әйелің ерім деп сыйламай,
Жаныңды жегідей жеп қинап,
Жөнсіз балағат жекіргенінен сақта?
Қатарыңнан бөлініп қалғаннан сақта.
Ел дәулетін жымқырып алғаннан сақта.
Жұмыс үшін елпеңдеп жүрсеңдағы,
Елеусіз болғаннан сақта.
Ақша толы қалтаның кеңдігінен сақта,
Байдың көкірек желдігінен сақта.
Көңілдес жүрген ағайын көзі тойғанда,
Көкірек керер менмендігінен сақта.
Өміріңнің ащысы жоқтығынан сақта?
Ер көңілдің мәздік тоқтығынан сақта.
Жалпақ жұрттың алдында керауыздың,
Өлердей сыбаған боқтығынан сақта?
Кәрі әйелдің қылымсып күлгенінен сақта!
Шашын қиып,қас,қабақ сүргенінен сақта.
Әдейі іздеп үйіңе қонақ келсе,
Итінің абалақтап үргенінен сақта.
Бес бала тумай, белгілі қатын болмай,
Үйіне ит асырап жүргенінен сақта.
Жақсы ағайын, туыстың азасынан сақта?
Түрлі апаттан өлетін қазасынан сақта.
Жаныңдағы достың сатқындығынан сақта,
Жаманаты келетін ұлтқа.
Милицияның тергегіш мазасынан сақта.
Жалған заңын сатар соттан сақта,
Пара алғыштың қолынан сақта.
Сұм-сұрқияның жолынан сақта.
Басыңа іс түскенде теріс қарар,
Екіжүзділердің қорынан сақта.
Кесілген нан бірікпейді,
Жатқанға ештеңе ілікпейді,
Түрлі сұғанақты,қазақ жүлік дейді
Елін де тонайтын,
Жүрген жері бүлік дейді.
Небір тажалдан қорлық көріп,
Қабіріңді күнбұрын қазғаннан сақта.
Есірткімен оңалмай азғаннан сақта.
Ағайыншылар өзіңнен қарыз алып,
Көлгірсіп уақытын созғаннан сақта.
Тегі жаманның тексізденіп,
Төр іздеп озғанынан сақта.
Баба өнегесін түсінбеген ұрпақ,
Қасиеттіліктің тозғанынан сақта!
Өмірден түңіліп өлуден сақта!
Өзгенің өктемдігіне көнуден сақта.
Той,жиында руға бөлуден сақта.
Күннің тұтылуынан сақта.
Құйын, дауылдың құтыруынан сақта.
Ел байлығын ұрлаушылардың,
Шет елге қашуынан сақта.
Әлемнің кейбір зұлымдығын үйреніп,
Қылмысқа түрлі батудан сақта.
Ызақор, күйгелек қатыннан сақта?
Арызшыл пәлеқор жақыннан сақта?
Шашынан сүйреп әйелін сабайтын,
Жұғымсыз ерсі салтыңнан сақта.
Енеңнің жөнсіз ұрысынан сақта,
Қыздардың жалаңаш тұрысынан сақта.
Өсекшіл сапалақ перісінен сақта.
Бастықтың тынышсыз керісінен сақта.
Арамыздағы түрлі-түрлі шылықтан сақта.
Ұрлық, жемқорлық былықтан сақта.
Ұлтқа зиян шет елдік қылықтан сақта.
Телебейненің қиғылық мазасынан сақта.
Сот алдында кісі өлім жазасынан сақта.
Жаныңа батар досыңнан қазасынан сақта
Қазақ тілін білетіндер жатқа,
Отырсын қалаған таққа.
Арамызда кездесетін тажалдан сақта?
Асығыс келетін ажалдан сақта?
Қазақ ұлтының ұлылығы,
Жарасым табар басқа қонған баққа.
Мәңгүрттердің қызғанышынан,
Шет елдің жат былғанышынан,
Жаратқан Ием ұлтымды сақта?!
Қ А Р А К Ө Р І К
-Өй, әлекпе тигір-ай, сындыра ма, қайтеді, өк, арам қатқыр, -деп қапсағай денелі шал жүгіріп келеді.Сүрініп құлай жаздады.Сарайдың ашық есігінен кірген қара ала сиыр жем іздеді ме, тілін сумаңдатып, мүйізімен әр нәрсені шайқап тіміскілеп жүр.( Аштық, қуғын,сүргін жылдарында белсенділер үйіңді қопарып тінтуші еді).
-Әк, қараң қалғыр! (Үрейлі кезде малға әк деуденде қорқатын-ды)-деп қария дегбірсізденді, күйзеліс танытты.Мүйізінен ұстап аман-сау шығармаққа әлектенді. Ошақ болғыр көрікті сындыра ма, деп дәйек таппай жүріп сиырды ұстады –ау...Осы қара көрік атамзаманнан байтақ даланы ерлердің сақтауына қызмет етті. Киелі көрік.
Көзінің қарашығындай сақтаған осы көріктің маңына мал түгелі, адам баласын да жуытқысы жоқ. «Зер қадірін зерігер білер», демекші ме, қазіргі кейбір жастарға сол көрікті босқа берсең де алмас еді.Қарт шаң басқан көрікті сүрткіштеп тазартып жатыр.Көрікті көрсе, жұмысқа қосса жүрегіндегі шемен-шерді де сәттік болса да ұмытқандай сезінеді. «Ей, дүние-ай...Бауыры бүтін пенде, тұяғы бүтін тұлпар жоқ» деген деп мұңданады.Біраздан бері ұстаханасын бүгін ашқан еді.Кеңшар басшыларына қақсап соңынан қалмай жүріп көмір түсірткен-ді. «Кейбір басшыға, осы ауылдағы деймін, түсінсем бұйырмасын, әлде адамның құлқы бұзылып бар ма? Амангелдінің музейіне қылыш,найза, айбалта соқ деген соң шыдамай жүргеніммен істері жоқ. Жетпістен асқанда мені қарақан басымның бұйымдарын соғады дей ме? Әлде жасаулап ұзататын қызым толып тұр ма? Аяулы үлымның қазасы қанішер тажалдан болды...деп ойқана ойлады.Қайғымен қанша қажыса да Омар Шипиннің бір ауыз өлеңін есіне оралтты:
«Амангелді батырдың арғы атасы Қобыланды,
Таңдандырған тарихты.
Өз атасы Иман да,
Атақты болған дәріпті.
«Бұ дүниеде есімдері өлмей қалған сабаздарым-ай!- деп қария көнетоз құндыз бөркін маңдайынан жоғары ысырды. Салалы саусақтарымен, қарттыққа мойын ұсынбаған шар болат қайратпен көріктің о жер, бұ жерін зертеп қарады.Көріктің жел үретін оңаза түтігін әбден тазартты. Ағаш құлағын басып көрді.Жел үрлеуі ойынан шықпады да оқыс оқшия қарады. «Шынымен тозғаны ма?- деп екіұдай көңілде ептілікпен тағы да қарап шықты. Саналы өмірінде жолдас болған көрік әзір істен шығуы неғайбіл.Осы сөзі есінде, ұлыңды кім өлтіргені неғайбіл, іздеп жатырмыз деді милиция білгіштері.Неге, директордың сойылын соғып отыр.Әйтпесе, ауылдан бірге жолға шығады, ауыл қарасынан көп ұзамай, директор әлгі түстенген үйде тонымды ұмытып кетіппін алып кел! деп бұйырады. Үйден тонды әкеткенін үй иесі айтады. Сонда директордың автокөлігіне жеткенше кім күтіп тұрып өлтірді? Директор автокөлігімен ауылға қайтып барып неге тонын алмай, ұлымды жаяу жұмсағаны қалай ? Демек, неғайбіл емес, директордың қатысы бар.Себебі, бойжеткен қызымен бірге оқып, сөйлесіп жүріп, ұлым басқа қызға үйленді. Басшы деген басынан сөз асырмайтын кекшіл болады, кеудемді басты бұл сұмырай деп кектенді.Өзінің баскесерлеріне өлтіртті.Неғайбіл болатын ба еді, әлді жеңеді, әлсіз жылап-жылап көнеді.
Шындығы шықса көрші кеңшардың қанішерінің кеңірдегін өз қолымен мыжғылар еді.Амал жоқ, неғайбілдің сөзі жүріп тұр...
Сәдуақас Көгентаевты ой тербейді. «Батырларға қару соққан бұл көрік, жиһанкезге кездік соққан бұл көрік. Сұлуларға жасау соққан бұл көрік,асауларға таға соққан бұл көрік»...Асанқайғы есіне түсті.Торғай өзенін көрген Асан ата: «Ақ шабағы май татыған, қара суы бал татыған қайран Торғай!,-деп қимай аттаныпты деседі. Торғай топырағының қасиетін қалай ғана болжаған.
Қарт қазақ халқының басына түскен ауыр күн: «Ақтабан шұбырынды, алқакөл суалма» деген атпен тарихта мәңгі қалған 1723 жылды да естіген.Туған жерінен ауған қазақ халқы жоңғарларға қарсы елінің азаттығы үшін атқа қонып, иығына қару ілді.Осындай соғыстарда Бөгенбай, Қабанбай, Тайпақ, Жақсыкелді, Қарасай, Жиембет, ал Торғай топырағынан Жәнібек батырлар ерлігімен ел аузында ғасырларға кететін аңыз болып қалды.Талайы өлді.Адам шыр етіп жерге түскенде көрер тірлігі, перзенті, байлығы, тіпті ажалы неден боларына дейін маңдайына жазылады деседі. «Біреудің ажалы судан, біреудің ажалы оттан» деу содан ба? Ұлымның ажалы сұм жауыздан болды, қайғысы қабырға қайыстырды,қан түкіртті.Анасы күйікпен көз жұмды.Тұяқ немерем бақытты болғай...Қара көрікті басты.Байтақ жерімізді қорғаған батырларға да қару-жарақ соққанда да қара көрік орасан мол қызмет көрсетпеді ме?
Ер қаруы- бес қаруды талай зерігер,талай шебер шарболаттан дайындады. Бәрі күні кешегідей, ойлап қараса.Сәдуақас ол кезде он алтыда екен-ау.Халық батыры Амангелді Иманов бастаған табанды көтерілістің ортасында болып, он алтысында от кешті.Бір күні аты аңызға айналған каһарман халық батыры барлық ұсталардың соққан қару-жарағын өзі байқап көрді.Содан жылы жүзбен:
-Мына қылышты кім соқты?-деп тіл қатқан еді.Қапелімде оның нендей оймен сұрап тұрғанын аңғару қиын-ды. Біраз үнсіздіктен соң Сәдуақас:
-Мен соқтым,-деп жасқана тіл қатқан-ды.
-Өзің шебер екенсің. Шын шеберлік,-деп батыр арқасынан қағып, үлкен ілтипат көрсеткендегі семірген көңілін Сәдуақас әлі ұмытқан жоқ. «Болат қайнауда шынығады, айбалта, қылыш,найзаны қайнатуды қате жібермеңдер.Батыр майданда шынығады,дегендей сендердің бәрің де батысыңдар,!-дейтін.Амангелді үні құлағымда қоңыраулап тұрғандай осы сәт: Бүкіл сарбаздарға қару соққан бұл қасиетті қара көрік!»-деп күбірледі.
Қария сипалап жүріп көріктің қажетті мүлігін тапты да қалыпқа келтірді.Сырттан ағаш жарып әкелді, от тұтатты.От қоздап қып-қызыл шоқтана бастады.Қара көрікті бабымен қозғаған сайын жарықтық кейбір шарболатыңды балқытып жіберер еді.
Ұста дүкенінің сәні келе бастады.Жетім көкірегі өмірге құлшынды. Ұлы көмекші еді, енді немересін шеберлікке үйретер.Әрбір шебер өзінің сүйікті мамандығын қолға алса жаны жадырап, көңілі шалқып қайғы мұңын сәттік болсада ұмытады.Талай нәрсе ойға оралады.Заулап өткен жастығы келеді көз алдына.Әсіресе, зерігерлер сөйтеді. Түтін иісі мен сом-сом темірдің қорғасындай балқуын сағынып қалған екен. Қария шымыр да ширақ қимылдап қылыш, айбалта соғуға әзірлеп жүрген темірлерін отқа салды.Оттан алып –қайта-қайта байқап көрді.Онысы төзімділігін, суарылған кезде қандай сапада болатынын байқауы еді.Одан кейін қара төстің үстіндегі қиқым, шаңды сыпырғышпен сүртіп тазалады.Ауыр балғаны ыңғайлап қойды.Осы кезде қараборбай немерелерінің бірі мұрынын бір тартып:
-Ата,не істеп жатырсыз?-деді.Бұл інісінің немересі.
-Әй, жүгірмек, әкең үйде ме?-деді Сәдуақас ашық жүзбен.
-Неге?
-Патшағардың негесі несі, балғашы керек, пұттық балғаны қартайғанда мен соғам ба?-деп қария күбірледі. «Тез келсін! Бар,жылдам»,-деді әмір ете.
Қария бұл өмірінде Амангелді музейнің директоры Жаңғабыл Жаңбыршинды қатты сыйлайтын.Әнеукүні ол әдемі келді. Музейге керекті сарбаздардың қару,жарағы, құрал-саймандар, қазақтың ұлттық өнерімен әшекейленген сырға,сақина,білезік, белбеу,ер-тұрман, тағы басқа да заттарды істеп беруді өтінген.Халық батыры десе несін аяиды. «Ер- елдің ық жағының қаласы, жел жағының панасы»,-деп тегін айтылған ба? Халық батыры Амангелді елдің қаласы да, панасы да болып еді.Амангелді сарбаздарының көтерілісі бүкіл қазақ даласын дүр сілкіндіріп еді, солардың бірі өзі.Азаттық жолына адалмыз!-деп сарбаздар ант еткен еді. Сәкең Торғайдағы сол үлкен толқынның қазақстандық көтеріліске ұласқанын да біледі. Торғайдағы жеңіс, азаттық туын тігушілердің сапында жастық шағы өтті.
Одан кейін серіктік ұйымдасты. Сәкең серіктікке мүше болып қара көрікпен талай істі бітірді.Кеңшардың шаруашылығында да осы ұсталық кәсіптен аулақ кеткен жоқ. Қара көрік ауылдың өсіп, өркендеуіне аз қызмет етпеді.Бозала таңнан түннің бейуағына дейін ұста дүкенінен балғаның тықылы үзілмейтін.Ол кезде Сәкеңнің қайраты қайтпаған-ды.Шаруашылыққа шана,арба,шөп машинасы, егін құралдарының түр-түрін өзі жасап,өзі оңдап іске қоса беретін-ді.Бүгінде денесі ауыр тартып, көкірегіндегі күптілік қайғы серпілдірмейді. Адам кәріліктен өлмейді, қайғыдан өлетін болар деп күрсінді.
Қайран, жастығы-ай.Түнде жер май шамның жарығымен білезік құятын, сақина соғатын.Сәкең соққан тамаша зерігерлік бұйымдар, асыл заттар талай қыздардың ұзатылу тойында құнды жасаулардың бірі болған-ды.Есімі ел арасына кең тараған ат аяғы жетер жерден оны іздеп келушілер де көп еді.Ондайда біреулер еңбегің бар,деп ақша ұсынатын.Оған Сәкең ашуланып үйден қуып шығуға дейін баратын.
-Қазақ өнерін сатпайды, елге берген елде кетпейді, пенденің алғыспен ғана көсегесі көктейді,- деп айтып салатын еді. Міне, әр күннің жүгі ауыр өткен жылдарда жан серік болған қара көріктің аты,маңызы қазірде де өшкен жоқ. «Өнерлінің өрісі ұзақ» дегендей Сәдуақас Көгентаев дайындаған зергерлік бұйымдар, ерлердің қару-жарағы Арқалық қаласының өлкетану музейінде тұр.Сәкеңнің өз сүгіреті де сарбаздардың бірі болып орын алған-ды.
Торғай өңіріндегі халықтың әлі күнге сарбаздардың ат тұяғының дүбірі жадқа оралады. Ақынша айтқанда:
«Дауылдарда дүбірлеген бұл Торғай,
Ғасыр сырын күбірлеген бұл Торғай.
Айдыны асып, алқалы топ алдында,
Бауыр жазып көсілетін тұлпардай,-деп бүгінгі дәуірде еске түседі.Сонда Сәдуақас сияқты қарттардың атқарған орасан мол ғасырлық еңбегіне ризасың.
Сәкең қара көріктің құлағын басып тұрып: «Мен енді жүз жасар деймісің,бойымдағы білген өнерімді қара жерге арқалап кетер деймісің.Ауылдағы бірер зерделі жастарға ,немереме үйретемін.Ауданда зерігерлік бұйымдар жасайтын цех ашылса, тіпті жөн болар еді.Ұлым кісі қолынан қаза таппағанда оны ұйымдастыру ойымызда еді.Ертұрман,үй жиһаздары, домбыра шабатын қартардаың өнерін жастарға үйретсе тамаша болар еді.Амал не қолға алынбай жүр,-деп қынжылады.
Қара көрікті жібере тартып қозғаған сайын сом темірлер балқып жатыр.Қанішердің тас жүрегін осылай балқытып ажал алдында ышқынса обал болмас еді.Темір балқыды, оны қазір балға мен төстің арасына салып нанша илеп, ойлаған бұйымдары мен аспаптарын істейді. Қара көріктің «жүрегі» соғып тұр.Амангелдінің ұстасы Сәкеңнің алғыр өнері, шебер қолы қып-қызыл темірді бабына түсіріп жатыр.Көрік үні «азаттық, азаттық» дейтін тәрізді...
Қарт жүрегіндегі шерді көрік үні арашалар ма? Түстен кейін келіні төркініне кетеді.Жас адамның бағын байлауды ауыр күнә санады.Келіні жылап тұрып: « Ата немереңнен айырмаймын, өміріңнің аяғына дейін ұлыңды көргендей, ұлың тірі қасыңда жүргендей сезін!-деп жаны езілгендей болды.
Немересі де ақылы кірген ғой: «Ата қойыныңда жатамын» деп қатал тағдырға қайыспастық танытты...Қария қанішердің баланы әкесінен, әйелін ерінен айырған зұлымды қара көріктің киесіне тапсырып, іштен мүжілумен ғана тынды...Немересі көкірегіндегі кекті қалай шешерін тағдыр көрсетеді...
Е Ш К І Б А С Т Ы Ң Н А М А З Ы
Ақыл дүкенге кеткен екен.Айтжан әжей пеш түбінде бала жұбатып отыр еді.Үйге екі-үш адам сау етіп кіріп келді.Төрдегі құрақ көрпенің үстіне жайғасты.Айтжан әжей алдарына ақ орамал тастады.Құлағының мүкісі болғасын әлгілердің жүзін таныса да сөзін ести қоймайды.Кәрілік жеңген.Жалғыз тірегі Рахым, келіні Ақал.Кеңшар шаруасынан босмайды.Жұмыстан шаршап келгенде алдарына ас дайындап қоятын Айтжан ғана.Үш немерені отқа, суға түсірмей бағуда Айтжанның міндетінде.Сөйтіп жүріп қолынан ұршығын түсірмейді.Алаша тоқиды,ши орайды, тозған киімдерді жамайды.Көрпе қабиды.Жоқтықты жеңеді.Кейде келініне:
-Мен өлсем қайтіп күн көресің,ине, жіп қолында жүрсін тағы,өнерді үйреніп қал,ең болмаса бұзауға бас жіп еспейсің бе?-дейді.»Мейманды күту, қазанға ет салғанда сүйектің де ретін көкірегіңе сақтап қал.Бәрін үйрен.Білгір кедей болмайды.Өнерді үйрен де жирен дегенді құлағыңа іліп жүр,үйдің барын бағалап біліп жүр.Қазан көтерсең өле жегенше бөле же деп көршіңмен дәмдес бол.
Күндер өтіп жатады. Өліп өліп, өлім сарқыты болған жалғыз ұлы Рахым рактан дүние салды.Жүпелдемде орып түсті.Айтжанның содан бері көз жанары да, ажары да солып, ақыл-есінен жаңылысты.Мына келген Ешкібасты айтам Рахыммен түйедей құрдас еді.Әжейдің оны көргенде жүйкесі босады.Ойында Ешкібастың әкесі ұлға зарығып мойнына бұршақ салып Алландан тілеп алды.Жұрт ел қыдырып жүріп әкесінің соңғы сөзін естіп қабырына топырақ салуға жарамады...коммуниспін деп шіренеді деп өсектеді.Ей, елдің сөзуарлары өсектемесе іштері ауырады...
Әжей алдарына орамал тастағасын біреуі дұға айтар деулі.Үшеуі бірін-бірі түрткіледі, саясат бойынша бірінен -бірі үрейленеді.Бірақ қазақ болғасын әжейден ұят-ты. Сөйтіп, Ешкібас қулығын ішіне бүгіп аятты зулата бастады, іштей Аллаға ниеті түзу, намазды қасында дұшпандары отырғанда оңдап айтпайды:
-Бисмилде, рахман, рахим, хылқу алла, ахат алла, әссәмет,Аханун, Айтжанун, үйіндегі бес жануын.Құдайым өгізді ғой, дегізді ғой, Ақылға күйік қаспақ жегізді ғой.Өмір ащы-ун, жоқтық иықтан басты-уын,үреймен қалың жұрт састы-ун, арақ-уын, қызыл-ун, коняк-уын,бәріде жанға жұпар-ун, тойып алып жүрсең-уын, сосын ойнап, күлсең-уын деп шұбырта жөнелді. Қасындағылар шек сілесі қатып сыртқа шығып кетті. Сөйтіп Ешкібас бет сипады да әжейдің қасына жақындап:
-Әлгілер үкіметтің оң көзі боламын деп менің намазыма күледі,ертең менің үстімнен молда, діндар деп арыз жазуды жақсы біледі.Менің қарамды батырып көжемді іше алмай сорлап жүр.Ақылсыз есуастар тірі жүргенді де көре алмайды, мені көрсетіп түрмеге жапса үкіметтен ақша алады, осындайлардың тепсініп үкіметшілденуі ұлтқа қауіпті төндіріп тұр. Арам өлетін дінсіздер,-деп қойды.
-Алла сыйласын,бірақ байқа дұшпанды көбейт пе?-деп әжей орамалының ұшымен суланған көзін сүртті.Сол екі ортада Ақыл келді,қазанға ет салды.Жанындағы екеуі де дастарханға оралды.Бұлар арыз жазса өздері мазаққа қалатындай жоғарыдағы сөздерді қағазға түсіріп береді.Сонда жаманшылық ойлары ел алдында күлкіге айналады...
* * *
Қызыл империя тұсында ауданның бірер ауылында ғана молда кездеседі.Ешкібастың көршісіне басқа жақтан бір молда орналасып жатты.Жаратылысында бетіне қылтанақ шықпаған көсе екен.Молда болса жетеді, сақалында шаруамыз қанша дейді жұрт.Молда сақалым болса беделім өсер еді деп ойлауы да мүмкін-ді.Сақал болмағасын кейде тойып алып, есікті тарс құлыптап кісі қабылдамайтын күндері кездеседі.Ондай күнді жағымпазы жариялап: « Молдаекем Құдаймен жеке машураласып жатыр. Кемпірі болса жоқ, шарихатқа қол беріп елдің өлім, жітімнен амандығына бата тілейді...Тостағандай ауыл адамдары сенсін. Жынмен де, періштемен де оңаша сөйлесіп, дуаласып, дұғаласып тартысады. Олардың басын құрап сыраханаға апарар дейсің бе? Қысқасын айтқанда төбеңнен төмен қарай алтын құйуға да дуа шақырады. Бірақ, саяси үрейді тоқтатуға әттегене-ай, қара суды қатық қылып ұйытатын молданың да күші жетпей-ақ қойды...Жын түрмеге сүйрей бастайды...неткен өлім жоқ неме.Жасаған-ай, қызметшіңмін, құлыңмын, үмбетіңмін, досыңмын. Мына жынның көзін жой...сосын маған сақал бер. Аясаңшы халықты, үрейден жалықтық,-дегенін түсініп жүріңдер.
Құдай қылқылдап сұрағанмен өз қолымен беретіні жоқ, біреудікін біреуге ауыстырып бермесе.Осы шет елде кей сәби ана құрсағынан сақалы шығып туады деседі.Періштеге сәбидің сақалын сұрап әпер десе,шет елдіктер сақалдылар қырып салатындай қорқатын көрінеді.Қайтеді, амалсыз пікірге тоқтайды, қарап отырса Ешкібаста да,Тазша да сақал жоқ, мұрт жоқ, кейбіреулер одағайланып бұларда Құдайдан үміт жоқ деп әркімнің ішіне кіріп, бүкіл ақыл, ойын, санасын қызыл империяның милициясындай тінтіп шыққандай оттайды.Олар талай молдалардың Сталиндік концлагірінде ажалынан бұрын қорлықпен өлгенін қайдан білсін.Әрбір молда өлген сайын періште қанша азаптанды.Сол үрейлі кезде талай молда білгенін айта алмай дұғасын іштен оқып жүрді.Сөзі қисық суайттар: « Өлген адамның тірідегі бір машинаға жүк болатын күнәсін о дүниеде арашалайтын мойыны жуан молда деседі.Бірақ молдаға біраз байлығыңды беруің жөн. Әйтпесе, құр аяққа бата жүрмейді деген сөзді молдадан бұрын халық шығарған ғой.Сонда молда айтады: «Мұнша бергендерің далаға кетпейді, маған да кіріс болмайды, оны періштелерімнің аузына ұстаймын. Періште көбіне жетімдерді жарылқайды.Адам қызық, күнәға батпай тыныш жүре алмайды.Сосын жалбарынады...О дүниенің көпірі аузында тұрғандай таза жүрсе ғой...
-Рас, пенде адасады, -деп Ешкібас өзінің де діннен біраз сауаты барлығын ойына оралтады. Бірде Сағира деген көршісі жік-жапар болып:
-Намаз сабағын үйретші, пайғамбар жасына келдім.
-Үйретер едім, бүкіл елде жалғыз өзім.Қызыл жендеттерден және зәре-құтым қашады.Балаларыма кесірімді тигізем бе деп қорқамын.
-Осыны үйренуге арнаған қозылы қойым бар еді.
-Біздің үйдің қорасына кіріп кетсе жабықтан сығалап аңдып отырғандар көрмей ме?
-Оған саспа,сенің үйіңнің қошқарына уақытша бас жібімен жетектеп апарып қостым дей саламын.
-Малды бас жібімен берген ырымға жаман болады дейді ғой.
-Тырп етпе, мырзалығымда кімнің шаруасы бар.Қой емес, үйіңнің алдына баспақ та байланып жүр ғой.
-Баспақ бошалап келді.Құран шығарып болғасын иесіне кетеді.Саған намаз сабағының ұзақ түрі керек болып жанымды қинайтын шығарсың.
-Қартайғанда ұзағына шыдамаспын.Ішімнен былы-былы деп былдырлағандай тілімді жаттықтырып жүрмін.
-Байқа, дін жолымен ойнама,қазақ діннен безген оңбайды дейді ғой. Оңбай қаларсың.
-Қозылы қойымды садақаға берсем жолым түзелер,имандылығым үйіріліп жақсылыққа бастар.
-Е, малың қораға менің қойыммен қосылып кетіпті, қошқар иеленетін түрі бар.Біздің қошқар мықты, бұқамен «соғысып» жеңіске жеткенін ел біледі,деді де өлеңдетіп:
Ақ қойдың келдесі,
Қара қойдың келдесі,
Сары баспақтың келдесі,
Түйіншегі бұл несі?
Жарылқай көр жасаған,
Күнәкәр мені демеші,
Мен құдайдың пендесі.
Коммунистерден басқаны,
Күнәлі екен демеші.
Үрей деген лағанат,
Ажал теңізінде кемеші,
Қара тереңге кетсе екен,
Дінді ғайбаттаған өлімші,-деді де Сағираға құпия қараңғы бөлмеде дін жөнінде біраз түснік берді.Бұл кездесуді тісіңнен шығарма деп ескертті және.
-Аузыма құм деп риза болған Сағира көйлегінің етегін қағынып есікке беттеді.
-Мені сыртымнан ғайбаттама ол ауыр күнә,-деп дінге сауаты тайыз дүмше молда дін бұзар ма екен, Ешкібастың намазына кейде түсінбей қаламыз деседе жұрт: « Бір хадистегі пайғамбарымыздың (с.ғ.с) Ғайбат зинадан да ауыр күнә,себебі зинаны Алла біледі. Пендесі өзі қылды, жылап тәубе етті.Алла кешіреді.Ал ғайбаттың соңы өте ауыр.Ішке харам кетеді, адамдар арасында реніш болады, мұсылмандар арасына жік түседі»,-дегенді ауылдастар түсініп нетүрлі өсек,аяңнан, коммунистердің түрлі тексерісінен молданы қорғаған жағдайлар да болды.Ал кеңес көсемдерінің мешіттер мен шіркеулерді талқанда?!- деген бұйрығын қорқақтықпен ойрандағандардың өлгені өліп, ұрпағы да құрығанын қалың көп біліп жүрді...Жұттың ақылдысы жақсылықты тауып айтады, біздің мисыздарымыз қауіп айтатын болғаны ма? деген сөз қалған.
Т А У Ы П А Й Т А Д Ы ...
Ауыл айтқышы Майлапестің өткір ойын еске алғанда Сыр шайыры атанған Тұрмағамбеттің қандай шығармасында да қиыннан қиыстырып тауып айтаттыны сөзсіз.Сол Тұрекең аштыққа ұрынып, қасында молда өзен жағалап келе жатады. «Кездеспесек екен тажалға, онсызда жақындадық ажалға, жүрек жалғап ас ішсек, елге жетіп озарға» деп әзіл, қалжыңмен жанын сақтап келе жатқанға ұқсайды.Ажал айқын сезіле бастаса, кіріпік айқасып, ұйқы басып езіле бастаса, оған да қалжың сөз арнап, Құдай ақы біз өлетіндердің бүгінгі тізімінде жоқпыз. Таза ауаны жұтып-жұтып, шөп-шөңгені жесекте тоқпыз.Айдың-күннің аманында, кеңестің жап-жаңа заманында өлу деген көз аларту деп қылжия кету ұят» демек пе? Қазақстан бар астығын сыпырып-сиырып Мәскеу сұранысы бойынша тапсырды, зауыттар орнату үшін мол астықты шет елге шығарамыз деп Сталин көсем айтыпты.Қырық миллиондай малдан төрт миллиондайы қалса,зау