«Таза Қазақстан»: Астананың 20 білім ошағындағы жылыжайда жемістер мен көкөністер өсіріледі

Бүгiн, 11:13 161

Астана қаласындағы №8 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушылары «Жасыл клуб» жобасы аясында «Жасыл мектеп» жылыжайында екі жылдан бері баптап келе жатқан лимон ағашы жемісін берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Лимон ағашымен қатар жылыжайда қияр, қызанақ, аскөк көкөністері мен құлпынай, жидектер және жалбыз да өсіріліп жатыр. Жоба жетекшілері оқушылармен бірге бос уақыттарын пайдалана отырып, өсімдіктерге күтім жасайды.

Жалпы Астана қаласындағы 19 мектеп пен 1 колледжде, атап айтқанда Б №8, 20, 37, 42, 43, 49, 58, 61, 67, 68, 69, 80, 83, 88, 78, 90, 87, 82, 79 және Сервис және туризм колледжінеде Б Өтемұратов қорының қорымен жылыжай ашылған.

Сондай-ақ «Таза Қазақстан» акциясы аясында Астана мектептерінде экологиялық тәрбие мен қоршаған ортаны қорғау бойынша көптеген маңызды іс-шаралар жүргізілуде. 1-11 сынып оқушылары жасыл экология мәселелеріне белсенді қатысып, табиғатты сақтап, оны қорғау үшін түрлі жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруда.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: