«Таза Қазақстан»: Астанада жаңа әлеуметтік жоба іске қосылды

20 Маусым, 21:36 567

Елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы аясында «Таза Астана» жаңа әлеуметтік жоба іске қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, «Таза Астана» жобасының мақсаты – әрбір аулада тазалық пен тәртіпке саналы, адал көзқарас қалыптастыру.

Жоба аясында арнайы құрылған экологиялық комиссия тоқсан сайын «Ең таза аула», «Ең үздік кәсіпорын», «Ең үздік мекеме» атақтарын белгілеп, беріп отырады.

Комиссияға Астана қоғамдық кеңесінің өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары, округтер бойынша мәслихат депутаттары, Атамекен ӨКП салалық кеңестерінің, салалық қауымдастықтардың, мүгедектер, ардагерлер қоғамдары бірлестіктерінің өкілдері, экологтар және т.б. кіреді.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы сәуір айында басталған болатын. Оған қала тұрғындары, еңбек ұжымдары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, шағын және орта бизнес субъектілері (базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, кафелер, мейрамханалар және басқалар), еріктілер, оқушылар мен студенттер, МИБ (ПИК) және басқалар қатысады.

Экоакция шеңберінде елордада қаланы, нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазарту, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жүргізіледі. Сондай-ақ жасыл екпелерді күтіп-баптау және отырғызу бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды орнату бойынша іс-шаралар, рұқсат етілмеген полигондарды жою жүргізілуде.

Зарина Арман
Бөлісу: