«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында еліміздің барлық өңірінде бір мезгілде «Түлектердің ағаш егуі» эко-челленджі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елордалық 82-ші арнайыландырылған «Дарын» мектеп-лицейінің оқушыларымен бірге оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ағаш отырғызуға қатысты.
Сурет: Артем Чурсинов
Экологиялық мәдениет өз үйіңнің, ауланың, көшенің, мектеп пен туған қалаңның тазалығын сақтаудан басталады. Біз туған жерімізге қамқорлық танытуымыз керек. Бүгін сіздер отырғызған жас көшет, ертеңгі күні осы мектептің оқушыларымен бірге жайқалып өсетін болады. Алайда, ол үшін көшеттерге қамқорлықпен күтім жасау керек. Осылайша біз кейінгі ұрпаққа өзіміз туралы естелік қалдырамыз, - деді Ғани Бейсембаев.
Сурет: Артем Чурсинов
Сурет: Артем Чурсинов
Осы жылы бұл шараға 9-11 сыныптардан 180 мыңнан астам оқушы қатысты. Барлығы 50 мыңнан астам жас көшет пен гүл отырғызылды. Осыдан бір апта бұрын алматылық оқушылар министрмен бірге өз қалаларында төрт жүзден астам жеміс ағаштарын отырғызған болатын.Суреттер: Артем Чурсинов