Таяу Шығыстан Қазақстанға есірткі контрабандасын ұйымдастырғандар ұсталды

5 Қыркүйек 2023, 16:00 520

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Каспий акваториясы арқылы Таяу Шығыс өңірінен есірткі заттарын Қазақстанға контрабандалау арнасының жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

3 қыркүйекте Маңғыстау облысында есірткі мәмілесін жасау барысында адамдар тобы ұсталды, олардың қатарында мемлекеттік шекарадан шағын өлшемді жүрдек катерлермен заңсыз өткен шетел азаматтары да бар. Олардан 15 кг апиын, 20 кг гашиш, 50 қорап «трамадол» апиынды анальгетигі, сондай-ақ навигация және техникалық байланыс құралдары тәркіленді, - делінген ведомство хабарламасында.

Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі («Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: